Близость слов: Окончание:





Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 12 маусымдағы № 132-НҚ бұйрығы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 7) тармақшасына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның мынадай бұйрықтарының:
1) «Электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге тарифтер есептеудің әдістемесін бекіту туралы» 2009 жылғы 19 ақпандағы № 52-НҚ бұйрығының;
2) «Электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге тарифтер есептеудің әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 19 ақпандағы № 52-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 21 маусымдағы № 211-НҚ бұйрығының;
3) «Электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге тарифтер есептеудің әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 19 ақпандағы № 52-НҚ бұйрығына толықтыру енгізу туралы» 2011 жылғы 11 тамыздағы № 247-НҚ бұйрығының;
4) «Жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер есептеудің әдістемесін бекіту туралы» 2005 жылғы 14 қыркүйектегі № 267-НҚ бұйрығының;
5) «Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2005 жылғы 27 желтоқсандағы № 372-НҚ бұйрығының;
6) «Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 27 желтоқсандағы № 372-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 27 сәуірдегі № 121-НҚ бұйрығының;
7) «Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 27 желтоқсандағы № 372-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 21 маусымдағы № 212-НҚ бұйрығының  күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу департаменті (Қ. Көккөзова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялау үшін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасына жолдасын.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Полная версия
ИС BestProfi