2014 жылғы 18 маусымдағы шығыс № 5/27/1018,1017 хаттарға
«Босатылатын оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (жою, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы» және «Монтаждауды, реттеудi, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, қосалқы бөлшектерді, оларға жиынтықтаушы бұйымдар мен аспаптарды, сондай-ақ оларды шығаруға арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, шығару, жөндеу, сатып алу және сату жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 4 шілдедегі № 6969 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Босатылатын оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (жою, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы» және «Монтаждауды, реттеудi, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, қосалқы бөлшектерді, оларға жиынтықтаушы бұйымдар мен аспаптарды, сондай-ақ оларды шығаруға арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, шығару, жөндеу, сатып алу және сату жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылар жобаларын қарап, ескертулер мен ұсыныстар жок екендігін хабарлаймыз.
«Жауынгерлік қол атыс қаруын және оған патрондарды әзірлеу, шығару, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына (бұдан әрі - Жоба) қатысты келесіні хабарлаймыз.
Жобаның 37 және 38-тармақтарында азаматтық және қызметтік қару мен оларға патрондарды сату жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін біліктілік талаптары көрсетілген.
«Ішкi iстер органдары туралы» Заңының 5-бабы 4) тармақшасына сәйкес ішкі істер органдарының құзыретіне азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жатады.
Соған орай, Жобаның 37 және 38-тармақтарын алып тастау қажет деп есептейміз, өйткені Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құзыретіне жатпайды.
2. Қазіргі уақытта, «жауынгерлік қол атыс қаруы» және «азаматтық және қызметтік қару» ұғымдарды бір бірінен ажырататын нақты белгіленген тізбе жоқ. Осындай тізбенің болуы өте қажет, өйткені «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Заңының 13-бабына сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жауынгерлік қол атыс қаруы мен өзге де қаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен сатып алуға құқығы бар
Осыдан Жауынгерлік қол атыс қарудан басқа көрсетілген органдардың өзге де қаруды, яғни азаматтық және қызметтік қаруды алу мүмкіндігі туындайды. Жоба өзге қарулар мен патрондарды жеткізу үшін жауынгерлік қол атыс қаруына лицензия алу қажеттілігіне әкеліп отыр.
Осындай қаруды қолайлы бағамен жеткізе алатын ұйымдар процестен алынып тасталады, себебі заң бойынша бір уақытта «жауынгерлік қол атыс қаруына» және «азаматтық және қызметтік қаруға» екі лицензияға ие бола алмайды.
«Жеке кәсiпкерлiк туралы» Казахстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес, мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне келiспеу себептерiнің негiздемесі бар жауап жiбередi.
Басқарма мүшесі Н. Әлтаев
Полная версия