Близость слов: Окончание:





Өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 2 наурыздағы № 25-02/86 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жояды ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 15.07.2014 жылғы № 268-Ө Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2012 жылғы 2 наурыздағы
№ 25-02/86 бұйрығымен
бекітілген
Өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру қағидасы
1. Осы Өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес әзірленді және өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру тәртібін реттейді.
2. Осы Қағида экпорты мен импорты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысымен бекітілген лицензиялауға жататын Тауарлар тізбесіне енгізілген өсімдіктерден жасалған дәрілік шикізатқа қолданылмайды.
3. Өтінім беруші сатып алған рұқсат, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, өзге жеке және заңды тұлғаларға беруге жатпайды.
4. Осы Қағидаға сәйкес берілген рұқсат ол берілген күннен бастап алты ай бойы жарамды.
5. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) өсімдіктер - күре тамырлы және мүк тәрізді өсімдіктер, балдырлар, қыналар және саңырауқұлақтар;
2) дериват - өсімдіктің туынды түрі мен одан және оның туынды түрінен өндірілген өнім;
3) өсімдіктер дүниесінің объектілері - табиғи ортада өсетін немесе қолдан өсірілген жабайы өсімдіктер.
2. Өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру тәртібі
6. Өтінім беруші өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат алу үшін әкелу немесе әкету орны бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат алуға өтінім жібереді.
7. Өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат алуға өтінімге мынадай құжаттардың көшірмелері қоса тіркеледі:
Полная версия
ИС BestProfi