1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекіре балық түрлері уылдырығының саудасына арналған марканы бекіту және оны Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сатуға арналған марканы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 01.12.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 239-ө бұйрығына 6 қосымша
«Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекіре балық түрлері уылдырығының саудасына арналған марканы бекіту және оны Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сатуға арналған марканы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.07.2015 жылғы № 18-03/680 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында сатуға арналған марканы бекіту туралы бұйрық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сатуға арналған қағаз жеткізгіштегі марканы беру.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметкерлерінің) әрекетжасау тәртібінің сипаттамасы
1. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге қағаз немесе электронды тәсілмен жолданған өтініш пен қоса тіркелген құжаттардың (бұдан әрі – өтініш) бар болуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
1.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына енетін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, орындау ұзақтығы:
қызмет алушылардан қағазға басылған нұсқада мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініші келіп түскен күні қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің тіркеп, оны қарауға қызметті беруші басшылығына беруі;
қызметті беруші басшылығының құжатының мазмұнымен өтініші келіп түскен күні танысып, бұрыштама белгі қоюы. Құжатты қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшылығына (қызметті берушінің басшылығына) беруі;
қызметті беруші басшылығының құрылымдық бөлімшенің өтініші келіп түскен күні жауапты қызметкерін таңдауы (бұдан әрі – орындаушы);
Полная версия