Близость слов: Окончание:





«Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылдың 29 сәуірдегі № 421 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылдың 29 сәуірдегі № 421 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде
Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (2012 ж., №74, 1075 м., Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы) 2014 жылдың 29 сәуірдегі № 421 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізу:
Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде, жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидаларында, көрсетілген қаулымен бекітілген:
4 тармаққа келесідей редакцияда жазылсын:  
«4.Инвестициялық субсидиялар инвесторларға осы Қағидалардың
1-қосымшасында көрсетілген басым бағыттар (секторлар) тізбесі бойынша, 
инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген объектілер немесе сатып алынған техника мен жабдықтар бойынша төленеді.
2014 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалануға берілген инвестициялық жобалар, субсидиялауға жатады.
Бұл ретте, тиісті күнтізбелік жылдың 1 шілдесіне дейін осы Қағидаларға 
1-қосымшаға сәйкес бірінші топтың бағыттары (секторлары) бойынша инвестициялық субсидиялар ұсынуға арналған инвесторлардың өтініштері қаралады. Бірінші топ ішінде бірінші кезекте басымдылық тәртібімен осы Қағидалардың 1-қосымшасында көзделген кезектілік бойынша инвесторлардың өтініштері қаралады.
Тиісті күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кейін екінші топтың бағыттары бойынша инвесторлардың өтініштері қаралады. Бұл ретте, бірінші топтағы инвесторлардың өтініштері осы Қағидаларының 1 - қосымшасында көзделген кезектілік тәртібінде өтініш беру күнінен тәуелсіз қаралады.»;
3 бөлімді 5-1 және 5-2 жаңа тармақтарымен келесідей мазмұнда толықтыру:
«5-1. Осы қағидаларының 2 - қосымшасында көрсетілгендей, қажетті бір немесе бірнеше түрлі техника мен жабдықтарға инвестициялық субсидиялау рұқсат етіледі.
5-2. Осы қағидаларының 2 - қосымшасында көрсетілгендей, Техника мен жабдықтардың екінші бірлігін алу үшін инвестициялық субсидиялау, егерде мал басы «Ауылшаруашылық малдарын теңдестіру» жүйесінде тіркелген болса, барлығы мал басына жүктің 50 % ең төменгі мөлшерін арттыратын болса рұқсат етіледі.»;
23 тармаққа келесідей редакцияда жазылсын:  
«23. Инвесторлардың өтінімдерін жан-жақты қарау үшін, сондай-ақ даулы мәселелер болған кезде комиссия қосымша құжаттар сұратады және жұмысшы органға ауыл шаруашылығы саласына сәйкес мамандарды немесе тәуелсіз сарапшыларды тартуға тапсырма береді. Бұл шарт оператордың қызметтерін көрсету жөніндегі шартта көзделген қаражат шеңберінде орындалады.
Қажет болған жағдайда, инвестордың өтінімінде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында комиссия инвестордан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратады»;
Полная версия
ИС BestProfi