Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.07.2015
Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 20 маусымдағы № 145 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 24 шілдеде № 9610 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 4 шілдеден бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.05.2015 жылғы № 374 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1)осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2)осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3)осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4)осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жобаларға, өнімдерге, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5)осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Микробиологиялық зертханаларға патогендігі 1-4-топтардағы қоздырғыштармен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6)осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақталу шарттарын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2.Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қазандағы №739 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8016 болып тіркелген);
2)«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қазандағы №743 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8112 болып тіркелген).
3.Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Санитариялық-гигиеналық қадағалау департаменті (Т.К. Ерубаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 
2)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
3)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары Ж.М. Бекшинге жүктелсін.
5.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi