Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (2008 жылғы 5 желтоқсандағы №265-266 (25712-25713) «Казахстанская правда»; Ведомости Парламента РК, 2008 г., №21 (2525) ст. 93; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2008 жылғы 5 жетоқсандағы № 370-374 (25343) «Егемен Қазақстан»):
11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Нысаналы трансферттер және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығын, мүлігі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлік салығын, жер учаскесі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағында орналасқан жеке тұлғалардан алынатын елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағында тіркелген жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдарына салынатын салығын қоспағанда кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту осы Кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.»;
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1)жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер;»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыру үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін мынадай облыстық және аудандық (аудандық маңызы бар қалалар) бюжеттерге түсімдер болып табылады:  
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығы;
мүлігі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлік салығы;
жер учаскесі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағында орналасқан жеке тұлғалардан алынатын елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;
Полная версия
ИС BestProfi