Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымның мәртебесі туралы келісімге қол қою туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымның мәртебесі туралы келісімге қол қою туралы
1. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымның мәртебесі туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымның мәртебесі туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ ИСЛАМ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы, осы келісімнің тараптары ретінде
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының Жарғысын қарастырып,
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының штаб-пәтері Астана қаласында орналасатындығы көрсетілген Жарғының 2-бабына сілтеме жасай отырып,
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы және оның персоналы Қазақстан Республикасының шегінде ие болатын мәртебені, артықшылықтар мен иммунитеттерді анықтау мақсатында,
төмендегілер туралы келісті:
1-БӨЛІМ: АНЫҚТАМАЛАР
1-БАП
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай анықтамалар пайдаланылады:
а) Ұйым - Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы;
b) Жарғы немесе Ұйым Жарғысы - Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының жарғысы;
Полная версия