«Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы кәсіпорындарды жаңғырту жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2014 жылғы 5 маусымдағы № 9 хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2014 жылғы 15 ақпандағы № 39 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 283 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 13.10.2015 жылғы № 986 Бұйрығына сәйкес
1. «Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2014 жылғы 15 ақпандағы № 39 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
«Халықаралық консалтингтік компаниялар» бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-1 жолмен толықтырылсын:
«
10-1 | Korea Institute of Energy Research | Оңтүстік Корея | энергетика | Gejeong-ro 152, Yuseong-gu, Daejeon, South Korea (305-343), tel./fax: +82-42-860-3505/ +82-42-860-3486; e-mail: hkjoo@kier.re.kr, sunmi@kier.re.kr, web-site: www.kier.re.kr |
»;
«Отандық консалтингтік компаниялар» бөлімі реттік нөмірлері 47, 48, 49 жолдармен толықтырылсын:
«
47 | «Финцентр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Алматы | химиялық, машина жасау | Алматы қ., Жандарбеков к., 109/160 үй, 31 п., тел./факс: 8(727)3939459, e-mail: fincentre@mail.ru |
48 | «Қазақстан Республикасының жобалық менеджерлері одағы» заңды тұлғалар бірлестігі | Алматы | тау-кен өндіруші, көлік | Алматы қ., Желтоқсан к., 115, Е литері, 507 оф., тел.: 8(727)2668693, e-mail: spmrk@mail.com, web-site: www.spmrk.kz |
49 | «ҚР индустриалық құрылыс технологиялары» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі | Алматы | құрылыс индустриясы | Алматы қ., Достық даңғ., 202, тел.: 8(727)3911398, e-mail: association.rk@gmail.com |
».
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Бірінші вице-министр А. Рау