Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер карантині мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
№ исх: ВН-4-4-11/259 от: 14.08.2014
Жоба
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚАЗАҚСТАН РЕПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
1-бап. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., №1, 2, 7-құжат; № 11 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) өсімдіктер карантині және фитосанитариялық тәуекел талдау жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – өсімдіктер карантині және фитосанитариялық тәуекел саласында зерттеулер жүргізуге Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттік берген ұйым;
2-2) фитосанитариялық тәуекелді талдау – карантиндік объектілердің (карантиндік зиянды организдердің) енуі, тамырлануы немесе таралуы бойынша тәуекелдің басталу ықтималдығын және тиісті фитосанитариялық шараларды қабылдау қажеттілігін айқындау мақсатында биологиялық, ғылыми және экономикалық деректерді талдау процесі;
2-3) өсімдіктер карантині саласындағы зерттеу – кейіннен фитосанитариялық тәуекел талдауын жасау үшін карантинге жатқызылған өнімді зертханалық сараптау және талдау.»;
«3) өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер :
уәкілетті ұйым;
республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы;»
1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-3) тармақшамен толықтырылсын:
«6-3) өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралар жүргізу үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын құру тәртібін әзірлейді және бекітеді.»;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) уәкілетті ұйымда импорттық себу және отырғызу материалдарының карантиндi объектiлермен және бөтен тектi түрлермен жасырын залалдануын зерттеу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;»;
«7-1-бап. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелердің функциялары
1. Уәкілетті ұйым және оның филиалдары мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) зертханалық сараптамаға келіп түсетін үлгілердегі карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің түрлік құрамын айқындау;
2) тексеруге келіп түсетін импорттық себу және отырғызу материалдардағы жасырын залалдануды анықтау;
3) карантинді объектілердің және аса қауіпті ерекше зиянды организмдердің фитосанитариялық тәуекеліне тұрақты талдауды жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасы аумағына әкелінген карантинге жатқызылған өнiмдердің фитосанитариялық тәуекеліне тұрақты талдауды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасында және басқа мемлекеттерде карантиндi объектiлердiң болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөнiндегi шаралар мен iс-шаралар туралы деректерді базаға ұсыну;
6) әкелінетін карантинге жатқызылған өнiмдерге қойылатын фитосанитариялық талаптарды әзірлеу кезінде әдістемелік көмек көрсету;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында , Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2. Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтайды және олардың таралу шекараларын айқындайды.»;
5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнім иелерiне өсiмдiктер карантинi саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын түсiндiредi, экспорттаушы елдiң ұлттық карантиндiк қызметiнiң фитосанитариялық сертификатының болуын анықтайды, көлiкке, карантинге жатқызылған өнiмге сыртқы байқап қарауды жүргiзедi, карантиндiк зиянкестердi, өсiмдiктер ауруларын және арамшөптердi анықтау мақсатында карантинге жатқызылған өнiмнен үлгiлердi iрiктеп алып, оларға сол жерде зерттеу жүргiзедi. Қажет болған кезде үлгiлер мен объектiлер уәкілетті ұйымға объектiлердiң қандай карантиндiк түрге тиістілігін растауға берiледi.»
5-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ерекше ғылыми немесе өзге де құндылығы бар карантиндi объектiлермен залалдаған тұқымдар мен отырғызу материалы олардың иелерiнiң өтiнiштерi бойынша уәкілетті ұйымға зерттеу үшiн берiледі. Карантиндi объектiлермен залалдану жойылғаннан кейiн тұқымдар мен отырғызу материалы олардың иесiне қайтарылады.».
«2. Зерттеу нәтижелерi, сондай-ақ бұл ретте, анықталған зиянкестер, өсiмдiктер ауруларының қоздырғыштары мен арамшөптері осы объектiлердiң карантиндiк түрлерге тиiстiлiгiн айқындау және растау үшiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға жiберiледi. Объектiлер анықталмаған жағдайда өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар карантиндiк түрлерге тиiстiлiгiн растау үшiн оларды уәкілетті ұйымға жiбередi.»
«18-бап Өсiмдiктер карантині жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
1. Оларға қатысты өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндiк зиянкестерді және өсiмдiктер ауруларын Карантиндiк объектілер мен бөтен текті түрлер тізбесіне сәйкес оқшаулау мен жою жөнiндегi іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2. Оларға қатысты жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі объектілер мен жер учаскелерінде өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын, карантинді арамшөптерді Карантиндiк объектілер мен бөтен текті түрлер тізбесіне сәйкес оқшаулау мен жою жөнiндегi іс-шараларды қаржыландыру меншік иелері мен жер пайдаланушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3. Жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі объектілерде, сондай-ақ жер учаскелерінде өсімдіктер карантині бойынша іс-шараларды (залалданған карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, үй-жайлар мен көлік құралдарын зарарсыздандыру және тазарту) жүргізу меншік иелері мен жер пайдаланушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына түсіндірме жазба
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер карантині мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – заң жобасы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1547 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау жұмыстарының 2014 жылға арналған жоспарының 29-тармағына сәйкес әзірленді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 980 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға қосылды, оған сәйкес өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы негізгі іс-шаралардың бірі фитосанитариялық тәуекелге міндетті талдау жүргізу болып табылады.
Бүгінгі күні республикада фитосанитариялық тәуекелді талдау тапсырыс бойынша жүзеге асырылады, тұрақты жүйелі зерттеулер жүргізілмейді, фитосанитариялық тәуекелді талдауды заңнамалық қамтамасыз ету де жоқ.
Осыған байланысты, фитосанитариялық тәуекелді жүйелі талдауды жүргізу және тиісті функциялар беру үшін заң жобасымен өсімдік карантині саласындағы үш мемлекеттік мекемені (Республикалық карантиндік зертхана, Республикалық интродукциялық-карантиндік питомнигі, Республикалық дәнді дақылдардың интродукциялық-карантиндік питомнигі) бір республикалық мемлекеттік мекемеге біріктіру көзделген.
Фитосанитариялық тәуекелді талдауды жүргізу карантиндік зиянды организмдердің тізбесін және карантиндік іс шаралар жүргізу қағидаларын жасау және жаңарту үшін негіз болып табылады. Республика аумағына басқа елдерден келіп түсетін өнімнің әрбір түрі бойынша фитосанитариялық тәуекелді талдау нәтижесінде алынған деректердің бар болуы кезінде карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық бақылау бекеттері арқылы өтуі жеңілдейді, бұл карантинге жатқызылған өнімді шекарада тексеріп қарау рәсімін оңтайландырады және жеделдетеді, сондай-ақ, тексеріп қарауды жүргізу кезінде жемқорлық көріністерінің азаюына әкеледі.
Қазақстанда фитосанитариялық тәуекелді талдауды жүргізу жөніндегі аталған мемлекеттік мекемені құру көрсетілген салада халықаралық талаптарға сәйкес болуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету мемлекеттік мекемелерді біріктіру және жаңа құрылынатын республикалық мемлекеттік мекемеге фитосанитариялық тәуекелді талдауды жүргізуге арналған қажетті міндеттерді үлестіру үшін жұмыстар жүргізу көзделгенін айту қажет.
Бұдан басқа, заң жобасының нормалары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның пестицидтердің запасын жасау тәртібін әзірлеу және бекітудегі құзыретін кеңейтуді көздейді.
Заң жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.
Жоғарыда айтылганның негізінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер карантині мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
р/с № | Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
1. | Жобаны әзірлеуші – мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
2. | Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында. |
3. | Жоба қабылданған жағдайда болжамды әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар | Қазақстан Республикасы Үкіметінің көрсетілген жобасының қабылдануы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқтырмайды. |
4. | Жобаны іске асырумен байланысты болжамды қаржылық шығындар | Көрсетілген жобаның қабылдануы мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді. |
5. | Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі | Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелерді біріктіру және құрылынатын республикалық мемлекеттік мекемеге сәйкестік функцияны беру жолдарымен фитосанитариялық тәуекелді талдауды жүргізу үшін заңнамалық бекіту мақсатында Жобаны қабылдау қажет |
6. | Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер | Жо қ |
7. | Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі | Қажеті жоқ |
8. | Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері | Қосымша сараптама жүргізу талап етілмейді |
9. | Өзге де мәліметтер | Қажеті жоқ . |
10. | Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі | Рұқсат беріледі. |
11. | Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы) | Жоба Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz ресми сайтында 2014 жылғы 17 мамырда орналастырылған. Шыққан файлдардың көлемі – 365 кб. |
12. | Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні) | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер карантині мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі Қазақстан Республикасының Ауыл шарушылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz ресми сайтында 2014 жылғы |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
2014 жылғы «____»___________
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасына салыстырмалы кесте
Р/н № | Құрылымдық элемент атауы | Қолданыстағы редакция | Ұсынылып отырған редакция | Негіздеме | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344-I Заңына | |||||
1 | 1-баптың 2) тармақшасы
| 2) жерсіндіру-карантиндік көшеттіктер - импорттық отырғызылатын және тұқымдық материалдағы карантинді объектілердің және басқа да ерекше қауіпті зиянды организмдердің жасырын жұғуын анықтау үшін арнайы жабдықталған көшеттіктер; | алынып тасталсын | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер карантині мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – заң жобасы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1547 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау жұмыстарының 2014 жылға арналған жоспарының 29-тармағына сәйкес әзірленді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 980 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға қосылды, оған сәйкес өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы негізгі іс-шаралардың бірі фитосанитариялық тәуекелге міндетті талдау жүргізу болып табылады. Бүгінгі күні республикада фитосанитариялық тәуекелді талдау тапсырыс бойынша жүзеге асырылады, тұрақты жүйелі зерттеулер жүргізілмейді, фитосанитариялық тәуекелді талдауды заңнамалық қамтамасыз ету де жоқ. Осыған байланысты, фитосанитариялық тәуекелді жүйелі талдауды жүргізу және тиісті функциялар беру үшін заң жобасымен өсімдік карантині саласындағы үш мемлекеттік мекемені (Республикалық карантиндік зертхана, Республикалық интродукциялық-карантиндік питомнигі, Республикалық дәнді дақылдардың интродукциялық-карантиндік питомнигі) бір республикалық мемлекеттік мекемеге біріктіру көзделген. Фитосанитариялық тәуекелді талдауды жүргізу карантиндік зиянды организмдердің тізбесін және карантиндік іс шаралар жүргізу қағидаларын жасау және жаңарту үшін негіз болып табылады. Республика аумағына басқа елдерден келіп түсетін өнімнің әрбір түрі бойынша фитосанитариялық тәуекелді талдау нәтижесінде алынған деректердің бар болуы кезінде карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық бақылау бекеттері арқылы өтуі жеңілдейді, бұл карантинге жатқызылған өнімді шекарада тексеріп қарау рәсімін оңтайландырады және жеделдетеді, сондай-ақ, тексеріп қарауды жүргізу кезінде жемқорлық көріністерінің азаюына әкеледі. Қазақстанда фитосанитариялық тәуекелді талдауды жүргізу жөніндегі аталған мемлекеттік мекемені құру көрсетілген салада халықаралық талаптарға сәйкес болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету мемлекеттік мекемелерді біріктіру және жаңа құрылынатын республикалық мемлекеттік мекемеге фитосанитариялық тәуекелді талдауды жүргізуге арналған қажетті міндеттерді үлестіру үшін жұмыстар жүргізу көзделгенін айту қажет. Бұдан басқа, заң жобасының нормалары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның пестицидтердің запасын жасау тәртібін әзірлеу және бекітудегі құзыретін кеңейтуді көздейді. Заң жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды. Жоғарыда айтылганның негізінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер карантині мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізеді. | |
2 | жаңа 1-баптың 2-1) тармақшасы
| жоқ | 2-1) өсімдіктер карантині және фитосанитариялық тәуекел талдау жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – өсімдіктер карантині және фитосанитариялық тәуекел саласында зерттеулер жүргізуге Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттік берген ұйым; | Осы Заң жобаның 1-тармағының 1) тармақшасының бірінші абзацына сәйкестендіруге келтіру | |
3 | жаңа 1-баптың 2-2) тармақшасы
| жоқ | 2-2) фитосанитариялық тәуекелді талдау – карантиндік объектілердің (карантиндік зиянды организдердің) енуі, тамырлануы немесе таралуы бойынша тәуекелдің басталу ықтималдығын және тиісті фитосанитариялық шараларды қабылдау қажеттілігін айқындау мақсатында биологиялық, ғылыми және экономикалық деректерді талдау процесі; | Осы Заң жобаның 1-тармағының 1) тармақшасының бірінші абзацына сәйкестендіруге келтіру | |
4 | жаңа 1-баптың 2-3) тармақшасы
| жоқ | 2-3) өсімдіктер карантині саласындағы зерттеу – кейіннен фитосанитариялық тәуекел талдауын жасау үшін карантинге жатқызылған өнімді зертханалық сараптау және талдау. | Осы Заң жобаның 1-тармағының 1) тармақшасының бірінші абзацына сәйкестендіруге келтіру | |
5 | 6-баптың 3-тармағы
| 3. өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер : республикалық , аймақтық карантиндік зертханалар және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің жанындағы зертханалар; жерсіндіру-карантиндік көшеттіктер; республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы; | 3) өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер : уәкілетті ұйым; республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы; | Осы Заң жобаның 1-тармағының 1) тармақшасының бірінші абзацына сәйкестендіруге келтіру. Нақтылайтын редакция. | |
6 | 7-баптың 1-тармағының 6-3 ) тарма қ шасы
| жоқ | 6-3) өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралар жүргізу үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын құру тәртібін әзірлейді және бекітеді. | «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының сәйкес уәкiлеттi органның құзыретiне пестицидтердiң (улы химикаттардың) қорын құрудың функциясы кіреді.
| |
7 | 7- баптың 24) тармақшасы | 24) жерсiндiру-карантиндiк көшеттiктерде импорттық себу материалдары мен отырғызылатын материалдардың карантиндi объектiлерден және бөтен тектi түрлерден жасырын залалданған-залалданбағанын зерттеу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды; | 24) уәкілетті ұйымда импорттық себу және отырғызу материалдарының карантиндi объектiлермен және бөтен тектi түрлермен жасырын залалдануын зерттеу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды; | Осы Заң жобаның 1-тармағының 1) тармақшасының бірінші абзацына сәйкестендіруге келтіру. Нақтылайтын редакция. | |
8
| 7-1-баптың
| 1. Республикалық , аймақтық карантиндік зертханалар және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің жанындағы зертханалар зертханалық сараптамаға келіп түсетін үлгілердегі карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің түрлік құрамын айқындайды№ 2. Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтайды және олардың таралу шекараларын айқындайды. | 7-1-бап. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелердің функциялары 1. Уәкілетті ұйым және оның филиалдары мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) зертханалық сараптамаға келіп түсетін үлгілердегі карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің түрлік құрамын айқындау; 2) тексеруге келіп түсетін импорттық себу және отырғызу материалдардағы жасырын залалдануды анықтау; 3) карантинді объектілердің және аса қауіпті ерекше зиянды организмдердің фитосанитариялық тәуекеліне тұрақты талдауды жүзеге асыру; 4) Қазақстан Республикасы аумағына әкелінген карантинге жатқызылған өнiмдердің фитосанитариялық тәуекеліне тұрақты талдауды жүзеге асыру; 5) Қазақстан Республикасында және басқа мемлекеттерде карантиндi объектiлердiң болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөнiндегi шаралар мен iс-шаралар туралы деректерді базаға ұсыну; 6) әкелінетін карантинге жатқызылған өнiмдерге қойылатын фитосанитариялық талаптарды әзірлеу кезінде әдістемелік көмек көрсету; 7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында , Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 2. Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтайды және олардың таралу шекараларын айқындайды. | Осы Заң жобаның 1-тармағының 1) тармақшасының бірінші абзацына сәйкестендіруге келтіру.
| |
9 | 13-бабы 5-тармағының 3 бөлімі | Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнім иелерiне Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасын түсiндiредi, экспорттаушы елдiң ұлттық карантиндiк қызметiнiң фитосанитариялық сертификатының болуын анықтайды, көлiкке, карантинге жатқызылған өнiмге сыртқы тексеріп қарауды жүргiзедi, карантиндiк зиянкестердi, өсiмдiк ауруларын және арамшөптердi анықтау мақсатында карантинге жатқызылған өнiмнен үлгiлердi iрiктеп алып, оларға сол жерде зерттеу жүргiзедi. Қажет болған кезде үлгiлер мен объектiлер Республикалық карантиндiк зертханаға объектiлердiң қандай карантиндiк түрге жататынын растауға берiледi. | Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнім иелерiне Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасын түсiндiредi, экспорттаушы елдiң ұлттық карантиндiк қызметiнiң фитосанитариялық сертификатының болуын анықтайды, көлiкке, карантинге жатқызылған өнiмге сыртқы тексеріп қарауды жүргiзедi, карантиндiк зиянкестердi, өсiмдiк ауруларын және арамшөптердi анықтау мақсатында карантинге жатқызылған өнiмнен үлгiлердi iрiктеп алып, оларға сол жерде зерттеу жүргiзедi. Қажет болған кезде үлгiлер мен объектiлер уәкілетті ұйымға объектiлердiң қандай карантиндiк түрге жататынын растауға берiледi. | Осы Заң жобаның 1-тармағының 1) тармақшасының бірінші абзацына сәйкестендіруге келтіру.
| |
10
| 13-бабы 5-тармағының 6 бөлімі | Ерекше ғылыми немесе өзге де құндылығы бар карантиндi объектiлер залалдаған тұқымдар мен отырғызылатын материал солардың иелерiнiң өтiнiштерi бойынша жерсiндiру-карантиндiк көшеттiктерге зерттеу үшiн берiлуi мүмкiн. Карантиндi объектiлерден залалдануы жойылғаннан кейiн тұқымдар мен отырғызылатын материал иесiне қайтарылады. | Ерекше ғылыми немесе өзге де құндылығы бар карантиндi объектiлер залалдаған тұқымдар мен отырғызылатын материал солардың иелерiнiң өтiнiштерi бойынша уәкілетті ұйымға зерттеу үшiн беріледі. Карантиндi объектiлерден залалдануы жойылғаннан кейiн тұқымдар мен отырғызылатын материал иесiне қайтарылады.
| Осы Заң жобаның 1-тармағының 1) тармақшасының бірінші абзацына сәйкестендіруге келтіру.
| |
11 | 13-1 баптың 2-тармағының 1 бөлімі
| 2.Зерттеу нәтижелерi, сондай-ақ бұл ретте, анықталған зиянкестер, өсiмдiк ауруларының қоздырғыштары мен арамшөптер осы объектiлердiң карантиндiк түрлерге тиiстiлiгiн айқындау және растау үшiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға жiберiледi. Объектiлер анықталмаған жағдайда өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар карантиндiк түрлерге тиiстiлiгiн растау үшiн оларды республикалық карантиндiк зертханаға жiбередi. | 2.Зерттеу нәтижелерi, сондай-ақ бұл ретте, анықталған зиянкестер, өсiмдiк ауруларының қоздырғыштары мен арамшөптер осы объектiлердiң карантиндiк түрлерге тиiстiлiгiн айқындау және растау үшiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға жiберiледi. Объектiлер анықталмаған жағдайда өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар карантиндiк түрлерге тиiстiлiгiн растау үшiн оларды уәкілетті ұйымға жiбередi. | Осы Заң жобаның 1-тармағының 1) тармақшасының бірінші абзацына сәйкестендіруге келтіру.
| |
12 | 18-бап
| 1. Карантиндiк зиянкестер, өсiмдiктер аурулары мен арамшөптер тiзбесiне сәйкес карантиндi объектiлердi оқшаулау мен жою жөнiндегi іс-шараларды қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады. 2. Жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі объектілерде, сондай-ақ жер учаскелерінде өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүргізу уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің өздеріне берілген өкілеттік шегіндегі нұсқамалары бойынша меншік иелері мен жер пайдаланушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады. | 1. Жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі объектілер мен жер учаскелеріндегі карантиндi арамшөптерді қоспағанда, карантиндiк зиянкестерді, өсiмдiктер аурулары мен карантинді арамшөптерді оқшаулау мен жою жөнiндегi іс-шараларды қаржыландыру Карантиндiк зиянкестер, өсiмдiктер аурулары мен арамшөптер тізбесіне сәйкес бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 2. Жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі объектілер мен жер учаскелеріндегі карантиндiк зиянкестерді, өсiмдiктер аурулары мен карантинді арамшөптерді оқшаулау мен жою жөнiндегi іс-шараларды қаржыландыру меншік иелері мен жер пайдаланушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 3. Жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі объектілерде, сондай-ақ жер учаскелерінде өсімдіктер карантині бойынша өзге де іс-шараларды (залалданған карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, үй-жайлар мен көлік құралдарын зарарсыздандыру және тазарту) жүргізу меншік иелері мен жер пайдаланушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.». | Өсiмдiктер карантині жөнiндегi іс-шараларды қаржыландыру нақтылау мақсатында, атап өткенде карантиндiк объектілерге қарсы химиялық өндеуді жүргізу. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында гербицидтерді субсидиялау қарастырылған, шығындардын iшiнара өтеу жүзеге асырылады, бұдан басқа жеке және заңды тұлғаларға пестицидтерді қолдануда оңтайлы мерзімдерін, түрлерін және өндеу тәсілдерін тандауға мүмкіндік береді |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер карантині мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына анықтама парақ
1. | Заң жобасының бастамашысы (органның толық атауы) | Қазақстан Республикасының Үкіметі |
2. | Заң жобасын дайындау жөнiндегi жұмыс тобының құрамы | Құрылған жоқ |
3. | Заң жобасы бойынша бас комитет |
|
4. | Заң жобасының Қазақстан Республикасының Парламентiнде тiркелген күнi |
|
5. | Қазақстан Республикасының Парламентi тұрақты комитеттерiнiң заң жобасы бойынша қорытындылары |
|
6. | 3аң жобасының ғылыми сараптамасы | 1. ҚР БҒМ «Қазақ гуманитарлық заң университеті» АҚ ғылыми-құқықтық сараптаманың қорытындысы 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 08-01/21-01/2147; 2. ҚР БҒМ «Қазақ гуманитарлық заң университеті» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың қорытындысы 2014 жылғы 19 сәуірдегі № 08-01/21-01/1988; 3. ҚР ЭБЖМ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ғылыми экономикалық сараптаманың қорытындысы 2014 жылғы 6 маусымдағы № 37-15-2/803; 4. ҚР ӘМ «Қазақстан республикасының заң шығару институты» ММ ғылыми лингвистикалық сараптаманың қорытындысы 2014 жылғы 23 маусымдағы № 18-07/1303. |
Ғылыми сараптама қорытындысының қабылданған және қабылданбаған ескертулерi | Ескертулер болған жоқ | |
Ғылыми сараптама қорытындысының ескертулерiн қабылдамау себептерiнiң негiздемесi | Ескертулер болған жоқ | |
7. | Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң сараптамалық қорытындылары | ҚР АШМ Кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық кеңесінің сырттай отырысының хаттамасы 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 50; Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы 2014 жылғы 16сәуірдегі № 3492. |
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi сараптамалық қорытындыларының қабылданған және қабылданбаған ескертулерi | Ескертулер болған жоқ | |
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi сараптамалық қорытындыларының ескертулерiн қабылдамау себептерiнiң негiздемесi | Ескертулер болған жоқ | |
8. | 3аң жобасын пысықтау процесiнде енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар |
|
9. | Заң жобасы бойынша баяндама жасау кiмге тапсырылды | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбековке |
10. | Балама жобалардың болуы | Жоқ |
11. | Қазақстан Республикасы Парламентiнiң заң жобасын бiрiншi оқылымда қараған күнi және оның нәтижелерi |
|
12. | Заң жобасын пысықтау және оны екiншi оқылымға дайындау тапсырылған бас комитет (комиссия), басқа орган |
|
13. | Заң жобасын халықтық талқылауға шығару және оның мерзiмi |
|
14. | Комитеттiң заң жобасы бойынша қорытындысы (екiншi оқылымның алдында) |
|
15. | Қазақстан Республикасы Парламентiнiң заң жобасын екiншi оқылымда қараған күнi және оның нәтижелерi |
|
16. | Заңның күшiне енетiн уақыты | 10 күн |
17. | Өзге де белгiлер |
|
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қабылдау салдарының болжамы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер карантині мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын орындау үшін әзірленді.
Қазіргі уақытта өсімдіктер карантинінің қолда бар жүйесіне мынадай мемлекеттік мекемелер кіреді:
Қызметкерлердің 62 штаттық бірлігі бар республикалық, аймақтық карантиндік зертхана және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің жанындағы зертханалар тек зертханалық сараптамаға келіп түсетін үлгілердегі карантиндік объектілер мен бөгде түрлердің түрлік құрамын айқындау жөніндегі функцияны ғана жүзеге асырады.
Жеміс-жидек дақылдарының интродукциялық-карантиндік көшеттігі (қызметкерлердің 12 штаттық бірлігі), Дәнді-дақылдардың интродукциялық-карантиндік көшеттігі (18 штаттық бірлік) тексеруге келіп түсетін импорттық, себу және отырғызу материалының жасырын залалдануын анықтау функциясын орындайды.
Осы ұйымдарды біріктіру және фитосанитариялық тәуекел талдауын (ФТТ) жүргізу функциясын беру өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік мекемелердің жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік береді.
ӨКҚҰҰ басшылығымен ФТТ жүргізу үшін Қазақстанда осындай мекеме құру осы маңызды жұмысты ретке келтіруге және Қазақстанда өсімдіктер карантині жөніндегі қызметті СФШ Келісіміне сәйкес ДСҰ талап ететін деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.
Заң жобасын қабылдау мынадай оң экономикалық, құқықтық және әлеуметтік салдарға әкеледі:
Жалпы Заң жобасын қабылдау фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы бұзушылықтарды төмендетуге, өсімдіктер карантині саласында жүргізілетін іс-шаралардың тиімділігін арттыруға ықпал етеді, дара кәсіпкерліктің мүдделерін қорғау үшін қосымша кепілдіктер береді.
Осы өзгеріс сыртқы экономикалық қызметтегі әкімшілік тосқауылдарды азайтуға бағытталған, жалпы кедендік рәсімдердің тиімділігін арттыруға және елдің сыртқы сауда айналымын ұлғайтуға, сондай-ақ әкімшілік рәсімдердің ашықтығы мен болжамдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және сыртқы сауда қатынастарына қатысушылардың шығындарын төмендетуге әкеледі.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыста елдің экономикалық қауіпсіздігі мен дамуының негізі ретінде дара кәсіпкерліктің мүдделерін қорғау үшін қосымша кепілдіктер береді.
Жалпы ұсынылып отырған жоба заңдылық, демократизм, биліктің бөлінуі қағидаттарына және құқықтық мемлекеттің басқа да қағидаттарына зиян келтірмейді.
Заң жобасын қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға, сондай-ақ мәнді қаржылық және әкімшілік шығындарға әкеліп соқтырмайды.
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын іске асыру үшін қажетті өзгертуге жататын және нормативтік құқықтық актілерді дайындауға қажетті заңнамалар актілерінің тізбесі
Өзгертуге жататын Заңнамалық актілер:
«Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы кодексiне»;
Қазақстан Рсепубликасы «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына.
Нормативтік құқықтық актілерді дайындауға ұсыныстар:
«Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 Қазақстан Рсепубликасы Үкіметі қаулысына өзгерістер енгізу туралы» » Қазақстан Республикасы Қаулысы;
«Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Рсепубликасы Үкіметі Қаулысы.
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бұқаралық ақпараттық құралдарында, оның ішінде Интернет желісінде талқылау нәтижелері туралы анықтама
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер карантині мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ағымдағы жылдың 17 мамырында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gjv.kz ресми интернет-ресурсында – Нормативтік құқықтық актілер – жобалар – талқылауға арналған нормативтік құқықтық актілер сілтемесі бойынша орналастырылған.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер карантині мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырған сәттен бастап 64 рет қаралған, түсініктемелер жоқ.