«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 36) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2015
Авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақы төлеу қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 858 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 22 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 12.10.2015 жылғы № 821 Қаулысына сәйкес «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2015 жылғы № 226 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса берiлiп отырған Авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақы төлеу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 858 қаулысымен бекітілген
Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидалары
1. Осы Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемақылар төлеу қағидалары республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының (бұдан әрі – құтқарушылар) сыныптылығына үстемеақылар төлеу тәртібін айқындайды.
2. Аттестаттау барысында сыныптылық берілген, сондай-ақ қайта аттестаттау барысында оны растаған құтқарушыларға, базалық лауазымдық жалақыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерде үстемақы төленеді.
3. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары басшысының сыныптық біліктілік беру туралы бұйрығының негізінде жүргізіледі.
4. Құтқарушыларға сыныптылығына үстемеақылар төлеу сәйкес жылға республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Полная версия