Близость слов: Окончание:





«Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту және «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 265 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту және «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 265 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
«Жол жүрiсi туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 89-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары бекiтiлсiн.
2. «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 265 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 24, 175-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Министрліктің Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.  
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) Министрліктің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап беру – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2) ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) ХҚО-да қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға (қағаз түрінде) немесе порталға (электрондық түрде «pdf» форматында) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Полная версия
ИС BestProfi