Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.08.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
 Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2014 жылғы 26 маусымдағы
 № 292 бұйрығына
 5-қосымша
«Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды қағазсыз кедендік декларациялауды жүзеге асыру (экспорт – кедендік рәсімі)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 18 тамыздан бастап ҚР Қаржы министрінің 04.06.2015 жылғы № 348 Бұйрығына сәйкес
1. «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды қағазсыз кедендік декларациялауды жүзеге асыру (экспорт – кедендік рәсімі)» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 319 қаулысымен бекітілген «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды қағазсыз кедендік декларациялауды жүзеге асыру (экспорт – кедендік рәсімі)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші www.ed.customs.kz «электрондық декларациялау» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйесі) арқылы;
2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Экспорт кедендік рәсімінде тауарларды декларациялаудың электрондық нысаны мынадай жағдайларда қолданылмайды:
1) төлеуші кедендік төлемдер мен салықтарды кеден органдарының ғимараттарында орнатылған екінші деңгейдегі банктердің POS-терминалдары арқылы төлем карточкаларын пайдалана отырып төлеген кезде;
2) кедендік төлемдер мен салықтарды тікелей кеден органының ғимараттарында (үй-жайларында) орналасқан екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалары арқылы төлеген кезде;
3) мемлекеттік органдардың және оларды беру үшін жауапты басқа да ұйымдардың электрондық деректер базасында тарифтік емес реттеу шараларын, сондай-ақ растаушы құжаттардың ұсынылуын талап ететін тыйымдар мен шектеулерді сақтауға байланысты рұқсат құжаттары болмаған кезде;
4) өз сипаттамасы бойынша кедендік төлемдер мен тарифтік преференцияларды төлеу жөніндегі жеңілдіктер беру бөлігінде кедендік-тарифтік реттеу шараларын сақтауға байланысты шарттарға жататын тауарлар.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасы, оның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушыға, сондай-ақ мүдделі тұлғаларға бір уақытта ақпараттық жүйе арқылы хабарландырумен тауарларды шығару туралы шешім не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша тауарларды шығарудан бас тарту туралы шешім түріндегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеті тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйеде электрондық құжат түрінде қалыптастырған тауарларға арналған декларацияның (бұдан әрі - ЭҚ) болуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-әрекеттің) басталуы үшін негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер), оларды орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасының екі сағаттан аспайтын мерзімде ЭҚ-ны қабылдауы және тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасының Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімде ЭҚ-ны тексеруді және кедендік бақылау жүргізуі;
Полная версия
ИС BestProfi