Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Жоба
Қазақстан Республикасы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1. «Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 379 қаулысындағы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, ____ ж., №___, ____ бет):
8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«8. Басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдау көрсетілетін қарыз алушылардың кредиттік/лизингтік міндеттемелері бойынша шарттар сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жатпайды. Республикалық бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландырылған қарыз алушылардың кредиттік/лизингтік міндеттемелерін қаржылық сауықтыру қаржы институттары қарыз алушылардың негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын қайта қаржыландыру үшін бюджеттен тыс көздерден ақша қаражаттарын тартқан жағдайда, оның ішінде қаржы агентінің қатысуымен мүмкін болады.»;
1-қосымшадағы «Қаржылық сауықтыру бойынша Комиссия құрамы» кестесінің 3-жолы келесі редакцияда жазылсын:
«
3. | БАЙБАЗАРОВ Нұрлан Серікұлы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры |
»;
1-қосымшадағы «Қаржылық сауықтыру бойынша Комиссия құрамы» кестесінің 8-жолы келесі редакцияда жазылсын:
«
8. | ОША Қ БАЕВ Ра қы м С ә кен ұлы | Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
»;
2. «Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 420 Қаулысындағы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, ____ ж., №___, ____ бет):
3-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«3) кредит – айналым қаражатын толықтыру, негізгі құралдарды сатып алу және құрылыс мақсаттарына, сондай-ақ технологиялық жабдықты, ауыл шаруашылығы техникасын лизинкке алуға несие берешегін қайта қаржыландыруды қоса, айналым қаражатын толықтыру, негізгі құралдарды сатып алу және құрылыс үшін қаржы институты қарыз алушыға ақылылық, жеделділік, қамтамасыз етушілік және қайтарымдылық шартымен ұсынатын ақша сомасы;
3-тармақ келесі редакцияда 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) ауыл шаруашылығы малының шартты басы – Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің 2009 жылғы 23 қыркүйектегі № 13.09. бұйрығымен бекітілген ресурс теңгерімдерін құру және ауыл шаруашылығы негізгі өнімдерін пайдалану бойынша басшылық бекіткен коэффициенттерге сәйкес ауыл шаруашылығы малдарының басын ірі қара малдың шартты басына ауысуы;
Полная версия