Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 859 қаулысы
Осы Қаулысының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.01.2021 жылғы № 2 Қаулысына сәйкес (19.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 13.06.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.05.2023 жылғы № 430 Қаулысына сәйкес (08.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.01.2021 жылғы № 2 Қаулысына сәйкес (19.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 шілдедегі
№ 859 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2015 жылғы № 205 Қаулысымен (31.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.11.2016 жылғы № 704 Қаулысына сәйкес (09.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.12.2019 жылғы № 938 Қаулысына сәйкес (15.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.01.2021 жылғы № 2 Қаулысына сәйкес (19.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.05.2023 жылғы № 430 Қаулысына сәйкес (08.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы баға – кәдеге жаратылған тауардың аукцион барысында қалыптасатын бағасы;
2) алғашқы баға – осы Қағидалардың 40-тармағына сәйкес айқындалатын кәдеге жаратылған тауардың бағасы;
3) аукцион – электрондық форматта тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып өткізілетін, қатысушылар өздерiнiң ұсыныстарын жария түрде мәлiмдейтiн сауда-саттық нысаны;
4) аукцион залы – аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;
5) аукцион нөмірі – ЭЦҚ болған кезде қатысушыға аукционға қатысу үшін берілетін нөмір;
6) бағаны көтеру аукционы – бастапқы бағасы алдын ала жарияланған қадаммен арттырылатын аукцион әдiсi;
7) бағаны төмендету аукционы – бастапқы бағасы алдын ала жарияланған қадаммен төмендетiлетiн аукцион әдiсi;
8) бастапқы баға – кәдеге жаратылған тауар бойынша аукцион басталатын баға;
9) ең төмен баға – кәдеге жаратылған тауарды одан төмен бағаға сатуға болмайтын баға;
Полная версия
ИС BestProfi