Балық аулау құралдарының кәсіпшілік түрлері | ||
1 | Бірінші топты ұяшықтайтын аулау құралдары құрайды: Қойылмалы және жүзбелі аулар | |
2 | Екінші топты белсенді сүзетін аулау құралдары құрайды: Лақтырмалы жылымдар (өзенде, көлде және теңізде) Бұрап лақтырма жылымдар (шиланды) | |
3 | Үшiншi топты тралдық аулау құралдары құрайды: Тралдар Ысырғыштар | |
4 | Төртінші топты кіші топтарға бөлінетін стационарлық аулау құралдары құрайды: Бірінші кіші топты ашық тұзақтар құрайды: Қойылмалы жылымдар (скипаскалар, мадрагалар, каравиялар) Екінші кіші топты жабық тұзақтар құрайды: Вентерлер (секреттер, мереждер, рюжидер, нередтер, сижидер, тальяндар, құрмалар, кішкентай шаянұстағыштар) Үшiншi кіші топты бекітіліп тасталатын тұзақтар құрайды: Ілмекті қабырғалар (ілікпетас, торлы дуалдар, сырғауыл дуалдар) | |
5 |
| |
6 | Алтыншы топты «басқа» аулау құралдары құрайды: Балық сору қондырғылары Конустық торлар Артемия жұмыртқаларын жинауға (торлы дорбалар, асауыштар) | |
Балық аулау құралдарының кәсіпшілік емес түрлері** | ||
1 | Қармақ: (қалтқылы, тереңдік, жерлицалар, үйірме) | |
2 | Кішкентай жылтырағы бар қармақ - мормышка | |
3 | Қапты ілмек | |
4 | Су астыңдағы аңшылыққа арналған қару | |
5 | Әр түрлі модификацияланған спиннингтер | |
Балық аулау әдістері | ||
1 | Балықты ұяшықтау арқылы аулау. Бұл әдіс торлы қабырға түріндегі аулау құралы балықтардың қозғалу жолдарына қоюмен түсіндіріледі. Торлы қабырғалардан өтпекші болған балықтар торлы ұяшықтарда тұрып қалады. | |
2 | Балықты сүзгіштер арқылы аулау. Бұл әдіс торлы кенеп су қойманың бір бөлігіне лақтырылып, кейін аулау құралы жағалауға немесе кеме бортына тартылумен түсіндіріледі. Басқа кең таралған атауы – жылымдар. | |
3 | Тралдау арқылы балық аулау. Бұл әдіс ерекше құрылымы бар торлы қапшық түріндегі аулау құралы су қоймасына тартылып, тралданып жолда кездескен балықтарды ұстаумен түсіндіріледі. | |
4 | Қозғалмайтын (стационарлық) тұзақтар көмегімен балық аулау. Бұл әдіс балықтың еркін кіріп, кейін кері шығуына шығудың ерекше құрылымы қиындататын әр түрлі қозғалмайтын тұзақтар қойылумен түсіндіріледі. | |
5 | Қармақтық аулау құралымен балық аулау жергілікті халықтың жеке тұтынуына арналған немесе әуесқойлық (спорттық) балық аулау құралы болып табылады. | |
6 | Балық сорғыш қондырғылар көмегімен балық аулау. Аулау принципі балық сорғыш қондырғысының қабылдау шлангысы суға тасталып, оны балықпен бірге кемеге сорып алумен түсіндіріледі. |
«Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қазақстан Республикасы
2014 жылғы « »
№ қаулысымен бекітілген
Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесі
Ескертпе:
*әр түрлі модификацияланған аулау құралдары жіберіледі, алайда бұл ретте оның негізгі құрамдас бөліктері өзгермеуі тиіс.
**барлық кәсіпшілік емес қармақтық аулау құралдары көлемі №12 кем емес қармақтармен жабдықтандырылады.
«Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
№ | Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
1. | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
2. | Жобаны қабылдау қажеттілігін негіздеу | 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 8 бабы 24-16) тармақшасына сәйкес |
3. | Жоба қабылданған жағдайда болжанып отырған әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар | Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы қаулысы жобасын қабылдаған жағдайда теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқтырмайды |
4. | Жобаны іске асыруға байланысты болжанып отырған қаржы шығындары | Осы қаулы жобасын жүзеге асыру барысында қаржы шығындары талап етілмейді |
5. | Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімдері және болжанып отырған тиімділігі | Қаулы жобасының қабылдануы Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін белгілейді |
6. | Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған Президенттің және /немесе Үкіметтің актілері және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер | Жоқ |
7. | Заңнаманы кейіннен жобамен сәйкес келтірудің қажеттілігі | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 296 бұйрығының күші жойылды деп тану қажет |
8. | Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелерi | Қажет етілмейді |
9. | Өзге де мәліметтер | Жоқ |
10. | «Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұтқыр кеңсесі» ақпараттық жүйе арқылы Үкімет мүшелерінің ұтқыр құрылғыларын материалдарды (көшірмелер) беруге рұқсат етіледі |
|
11. | Жобаның интернет - ресурста орналастырылғаны туралы ақпарат | Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары Министрлігінің арнайы сайтында ( www.eco.gov.kz ) және мемлекеттік органдардың интранет желісінде жарияланған |
12. | Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні) | 2014 жылғы 19 маусымда № 16-01-24/2412 Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары Министрлігінің арнайы сайтында ( www.eco.gov.kz ) баспасөз релизі жарияланған |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков