«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген ведомстволық Статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген ведомстволық Статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы»
1. Мыналар:
1) «Меншікті активтер бойынша экономика секторларына қарай жіктелген талаптар мен міндеттемелер туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды _____, индексі
НПФ-СА, кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Меншікті активтер бойынша экономика секторларына қарай жіктелген талаптар мен міндеттемелер туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды _____, индексі НПФ-СА, кезеңділігі тоқсандық), осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Зейнетақы активтері бойынша экономика секторларына қарай жіктелген талаптар мен міндеттемелер туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды _____, индексі
НПФ-ПА, кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Зейнетақы активтері бойынша экономика секторларына қарай жіктелген талаптар мен міндеттемелер туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды _____, индексі НПФ-ПА, кезеңділігі тоқсандық), осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Стратегиялық даму департаменті Заң департаментімен бірге заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
3) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің интернет-ресурсында міндетті жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә. Смайылов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Полная версия

