Близость слов: Окончание:





«Техникалық талаптарды және бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы №636 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 19 тамыздағы № 8778 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
2014 жылғы 28 шілдедегі
№ НК-06/6281-И және
2014 жылғы 31 шілдедегі
№ ДЮС-2/1015-ВН хаттарға
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Техникалық талаптарды және бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы №636 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) қарап, келесіні хабарлайды.
Техникалық талаптардың және салық қызметі органдарына ақшалай есеп-айырысу туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ететін бақылау-кассалық машинаның техникалық талаптарға сәйкестілік нысанының (бұдан әрі – Техталаптар) «Бекіту және деректерді беру функциясы бар БКМ-ге қойылатын талаптар» I-бөлімінің 7-тармағына (Бұйрық жобасына 1-қосымша) сәйкес фискалдық деректерді фискалдық деректер жинақтауышында БКМ пайдаланудың бүкіл мерзімі бойы сақтау талабы көзделген.
  Жоғарыда көрсетілген талапты ескере отырып, фискалдық деректер жинақтауышы бар БКМ-ге арналған Техталаптарда жинақтауыш көлемі асыра толған жағдайда операциялар жүргізуді бұғаттау функциясын көздеу қажет деп санаймыз. Сонымен қатар, ақпаратты оншама ұзақ мерзімде сақтау талабы фискалдық деректер жинақтауышы көлемінің ұлғаюына әкеп соқтырады, соңында бұл БКМ құнының қымбаттауына әкелуі мүмкін.
  Фискалдық деректер жинақтауышы бар БКМ-ге арналған Техталаптарда дербес режимде 72 сағаттан астам жұмыс жасаған жағдайда БКМ бұғаттауы көзделген. БКМ жұмысының дербес режимінің іске қосылуына әкелген себептер жойылмаған жағдайда, 72 сағат өткеннен кейін БКМ-нің мүмкін болатын бұғаттауын жою мақсатында дербес режимнің неғұрлым ұзақ мерзімін немесе БКМ-нің дербес режимде жұмыс істеуін ұзарту мүмкіндігін қарастыру қажет деп санаймыз.
  Сонымен бірге, фискалдық деректер жинақтауышында фискалдық деректер операторының серверіне жолданған және жолданбаған чектерді бөлу мақсатында Техталаптардың 21-тармағында «және оны фискалдық деректер жинақтауышында сақтау» деген сөздер қосылсын.
  Кейін салық органдарымен салыстырып тексеру үшін резервте сақтау және берілетін деректердің рұқсат етілмеген қол жеткізуден сақталуын қамтамасыз ету мақсатында:
  - Техталаптардың 39-тармағын мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз: «Фискалдық деректер операторының серверіне деректерді беру алдында автоматты түрде тестілеу функционалының болуы».
  - Техталаптардың 53-тармағының бірінші бөлігін мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз: «Басып шығару және кем дегенде 720 сағат ішінде қорғап сақтау үшін фискалдық деректер операторының серверінен ауысымдық (тәуліктік) есепті (Z-есебі) алу»;
  - Техталаптардың 54-тармағын мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз: «Фискалдық деректер операторының серверінен фискалдық белгіні алу және оның кем дегенде 720 сағат ішінде резервтік қорғап сақтауын қамтамасыз ету»;
  - Техталаптардың 86-тармағын мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз: «Фискалдық деректер операторының серверінен фискалдық белгіні алу және оны фискалдық деректер жинақтауышында сактау».
  Фискалдық деректер операторының серверіне сілтемені нақтылау мақсатында Техталаптардың 18, 51, 83-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «БКМ-нің фискалдық деректер операторының серверімен өзара іс-қимылы архитектурасы» құжатының «Фискалдық деректер операторының серверінде БКМ сәйкестендіру рәсімі» бөліміне сәйкес фискалдық деректер операторының серверінде БКМ авторизациясын жүргізу».
  Сонымен қатар сатып алған затқа қолма-қол ақшамен және банктің төлем картасы арқылы бір мезгілде төлеу мүмкіндігін көздеу үшін Техталаптардың бүкіл мәтіні бойынша «чек бойынша төлем түрі» және «барлық түрдегі төлемдер тізімі» деген талаптар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын: «чек бойынша төлем түрі (қолма-қол ақша, банктің төлем картасы)» және «барлық түрдегі төлемдер тізімі (қолма-қол ақша және (немесе) банктің төлем картасы)».
  Бұдан басқа, Техталаптардың мәтіні бойынша редакциялық сипаттағы ескертулер бар.
Полная версия
ИС BestProfi