2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 8-бабының 24-17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарын бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 21 қарашасынанбастап қолданысқа енгізіледіжәне ресми түрде жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы « » №
қаулысымен
бекітілген
Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптар
1. Балық қорғау құрылғыларына (бұдан әрі - БҚҚ) қойылатын басты талаптар:
тиімді балық қорғау;
суды кепілді (үздіксіз) жіберу;
пайдаланудың қол жетімді құралдарында сенімді әсер ету (конструкцияның қарапайымдылығы, автоматтық әрекет).
2. БҚҚ жобалау кезінде тиісті құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптары сақталады.
3. БҚҚ жобалау сондай-ақ ғылыми зерттеу және жобалық-ізденіс жұмыстары негізінде де орындалады.
4. Орнатуы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісілген БҚҚ ғана пайдалануға жіберіледі.
Келісімде БҚҚ түрі және оның техникалық сипаттамалары көрсетіледі.
5. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісімінсіз БҚҚ бір түрінен екінші түріне ауыстыруға жол берілмейді.
6. БҚҚ өзінің техникалық сипаттамаларына сәйкес келуі және барлық құрылыстық тораптары мен элементтері жұмысқа жарамды жағдайда болуы тиіс.
«Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
| № | Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
| 2. | Жобаны қабылдау қажеттілігін негіздеу | 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 8 бабы 24-17) тармақшасына сәйкес |
| 3. | Жоба қабылданған жағдайда болжанып отырған әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар | Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы қаулысы жобасын қабылдаған жағдайда теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқтырмайды |
| 4. | Жобаны іске асыруға байланысты болжанып отырған қаржы шығындары | Осы қаулы жобасын жүзеге асыру барысында қаржы шығындары талап етілмейді |
| 5. | Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімдері және болжанып отырған тиімділігі | Қаулы жобасын қабылдау су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарын бекітеді |
| 6. | Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған Президенттің және /немесе Үкіметтің актілері және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер |
Жоқ |
| 7. | Заңнаманы кейіннен жобамен сәйкес келтірудің қажеттілігі | Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 398-Ө бұйрығының күші жойылды деп тану қажет. |
| 8. | Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелерi | Қажет етілмейді |
| 9. | Өзге де мәліметтер | Жоқ |
| 10. | «Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұтқыр кеңсесі» ақпараттық жүйе арқылы Үкімет мүшелерінің ұтқыр құрылғыларын материалдарды (көшірмелер) беруге рұқсат етіледі |
|
| 11. | Жобаның интернет - ресурста орналастырылғаны туралы ақпарат | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің а рнайы сайтында ( www.minagri.gov.kz ) және мемлекеттік органдардың интранет желісінде жарияланған. |
| 12. | Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні) | Әлеуметтік маңызы жоқ |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков

