Близость слов: Окончание:





«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 7933 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
 САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын (бұдан әрі – Жоба) қарап, келесі ескертулердің жұмыс тәртібінде пысықталғанын хабарлаймыз.
  1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV Кодексінің 31-бабына сәйкес денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторларынан тұрады. Осыған орай, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан медициналық ұйымдар жатқызылады.
  Осыған байланысты, Стандарттар жобасының 3-тармағында:
  - «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын;
  - «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын;
  - «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын;
  - «Стационарлық науқастың медициналық картасынан шығару эпикризін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын
  «меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан» деген сөздермен толықтыруды ұсынамыз.
  Қосымша ескертулер мен ұсыныстар жоқ екендігін хабарлаймыз.
  Басқарма Төрағасының орынбасары З. Ноғайбай
Полная версия
ИС BestProfi