Близость слов: Окончание:





«Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық преференцияларды беру қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық преференцияларды беру қағидаларын бекіту туралы
«Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 14-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған Уәкілетті органның инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық преференцияларды беру қағидалары бекітілсін.  
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық преференцияларды беру қағидалары
1. Осы инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық преференцияларды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсететін орталық және жергілікті атқарушы органдарымен, Қазақстан Республикасындағы шет ел мекемелері, жеке тұлғалар және заңды тұлғаларының арасында (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаларды жүзеге асыратын инвесторлармен өзара әрекеттесуінің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) инвестициялық басым жоба (бұдан әрі – инвестициялық жоба) – тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен белгілі бір қызметтің басым түрлері бойынша жаңадан құрылған заңды тұлға іске асыратын және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін инвестициялық жоба;
2) инвестор – мынадай шарттарға сәйкес келетін:
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік он екі айдан аспай жүзеге асырылған;
заңды тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілетін қызметтің басым түрлеріне енгізілетін қызмет түрлерін іске асыратын;  
инвестициялық жобаны жүзеге асыру бір ғана инвестициялық келісімшарт шеңберінде іске асыратын;
инвестицияларды республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшерде жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасы.
3) инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, инвестициялық келісімшарттар жасасу және олардың орындалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;  
4) «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық жобаны алып жүру (бұдан әрі – инвестициялық жобаны алып жүру) – инвестициялық жобаны іске асыру барысында жасалынатын ақпараттық, консультациялық, ұйымдық және инвесторға басқа да көмек корсету іс-шаралары.  
5) үйлестіруші – өз құзіреті шегінде инвестициялық жобаны алып жүруді іске асыратын уәкілітті орган қызметкері;
6) тәлімгер – өз құзіреті шегінде үйлестірушімен бірге инвестициялық жобаны алып жүруді іске асыратын қызмет көрсетуші, басшысының орынбасары;
7) «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық жобаны алып жүру – инвесторға инвестициялық жобаны жүзеге асыруға бағытталған ақпараттық, консультациялық, ұйымдастырушылық және басқа да жәрдем көрсету бойынша іс-шаралар кешені (бұдан әрі – инвестициялық жобаны алып жүру);
2. Инвестициялық жобаны алып жүруді іске асыру  
3. Инвестициялық жобаны алып жүру рәсімін іске асыру үшін инвестор уәкілетті органға инвестиициялық жобаны жүзеге асыру және алып жүру туралы жазбаша түрде (ерікті түрде) жүгінеді.
4. Уәкілетті орган инвестордың өтініш берген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде:
өз қызметкерлерінің арасынан инвестормен өзара әрекеттесетін, қызмет көрсетуші және инвестициялық жобаны алып жүру іске асыру барысында көмек көрсетуі бойынша іс-шараларды жүзеге асыратын үйлестірушіні тағайындайды;  
қызмет көрсетушіні инвестициялық жобаны алып жүру іске асыру барысында көмек көрсететін рәсімі жүзеге асырылатындығы туралы және үйлестіруші тағайындалғандығы туралы хабарлайды;
5. Қызмет көрсетуші тәлімгер ретінде кызмет көрсететін бірінші басшысының орынбасарларының біреуін анықтап тағайындайды.
Қазақстан Республикасының шет ел мекемелерінде тәлімгер ретінде қызметкерлерінің біреуін анықтап тағайындайды.  
6. Қызмет көрсетуші тәлімгерді анықтап тағайындағаннан кейін үш жұмыс күн ішінде ол туралы уәкілетті органға хабарлайды.  
7. Тәлімгер ретінде тағайындалған тұлғамен еңбек қатынастары тоқтатылған жағдайда, қызмет көрсетуші он жұмыс күні ішінде жаңадан тәлімгерді анықтап тағайындайды және ол туралы үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлайды.  
8. Инвестициялық жобаны алып жүру барысында іс-әрекеттердің келісуін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган инвестордың өтініш берген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде оған оның инвестициялық жобаы бойынша тағайындалған үйлестіруші мен тәлімгер туралы хабарлайды.
9. Уәкілетті орган инвестициялық жобаны алып жүру барысында инвесторға қызмет көрсетушімен қажетті құжаттарды жинау және инвестициялық жобаны іске асыру барысында мемлекеттік қызметтерді алу үшін көмек көрсетіп әрекет етеді.  
10. Үйлестіруші инвестициялық жобаны іске асыру мәселелері және қызмет көрсетушінің қарастыруында жатқан инвестордың өтініші жөнінде тәлімгермен жұмыс тәртібінде өзара әрекеттеседі.
11. Уәкілетті органмен қажетті құжаттарды жинай және дайындау үшін көрсетілген көмектен кеиін, инвестор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет көрсетушіге белгілі мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш білдіреді.  
«Уәкілетті органның инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық преференцияларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1

2

3

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының

инвестициялар және даму министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 қаңтардағы «Инвестициялар туралы» Заңының 14 бабының 2- тармағына және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 маусымдағы 2014 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 103-ө өкіміне сәйкес

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдары

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды

4.

Қаулы жобасын іске асыруға байланысты болжанатын қаржы шығындары

Қаулы жобасын қабылдау Республикалық бюджеттен қаржы қаражатын талап етпейді

5.

Қаулы қабылданған жағдайда күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері, енгізілетін ұсыныстардың тиімділігі

Қаулыны қабылдау инвесторлармен инвестициялық басым жобаларды әкімшілік тосқауылдарды жобаны жүзеге асыруда азайтуға бағытталған уәкілетті органмен, орталық, жергілікті атқарушы органдармен және квазимемлекеттік сектор субъектілері жүзеге асыратын өзара әрекеті тәртібін орнату

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған Президенттің және/немесе Үкіметтің актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Қабылданбаған

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі

Талап етілмейді

8.

Басқа ұйымдарда Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша оны жүргізген жағдайда қосымша сараптаманың (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) нәтижелері

Жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Еуразиялық өнеркәсіп қауымдастығына және «Тұрақты дамуға арналған табиғат пайдаланушылардың қазақстандық ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігіне 2014 жылы 22 маусымда хатпен жіберілген.

Қағида жобасында пайдалынылатын «Үйлестіруші», «Тәлімгер», «Квазимемлекеттік сектор субъектілері», сөздерінің ұғымдарына қатысты.

Берілген ұғымдар тиісті орталық, жергілікті атқару органдары және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде жауапты лауазымды тұлғаларға функционалды бекіту үшін қажет. Берілген тұлғалар өздерінің мемлекеттік органдарында және мекемелерінде инвестициялық басым жобаларды алып жүруге жауапты. Сонымен қатар, берілген тұлғалар инвестордың өтінішінің және уәкілеті органның қолдаухатының уақытылы қаралуына жауапты болады, артық әкімшілік бөгеулерді азайтуына ықпал етеді.

Қағида жобасының 2-тарауына сәйкес

Қағида жобасының 2-тарауында уәкілетті органда үйлестірушіні, орталық және жергілікті атқару органдарында тәлімгерді квазимемлекеттік сектор субъектілерінде үйлестірушіні тағайындау тәртібін орнатады.

Берілген тәртіпсіз үйлестірушімен тәлімгердің тағайындау тәртібін анықтау мүмкін емес.

Қағида жобасының 3 және 4-тарауындағы ресми түрдегі нормаларына қатысты

3-тарауда уәкілетті органмен инвестициялық жобаны алып жүру кезінде жасалынатын іс-шара көрсетілген.

4-тарау өз ретінде, уәкілетті органмен орталық және жергілікті атқару органдарының арасында өзара әрекетінің тәртібін регламенттейді.

Осы себептен жобаны әзірлеуші Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі мемлекеттік органы ескертулерді қабылдамайды

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдарды (көшірмелер) беруге

Рұқсат етіледі



11.

интернет-ресурсына қаулы жобасын орналастыру жөніндегі ақпарат

Жоба Қазақстан Республикасының

инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсінде орнатылған http://www.mint.gov.kz/



12.

Әлеуметтік мағынасы бар қаулы жобасын мемлекеттік органның пресс-релиз интернет-ресурсында (веб-сайтта) орналастыру жөніндегі ақпарат (пресс-релиз атауы, мерзімі)

Жобаның әлеуметтік мағынасы жоқ

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
="/images/567799598/7654265595184539_html_bb0b8751.png" width="624" height="881" align="BOTTOM" />
Полная версия
ИС BestProfi