«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 29 бабы 1-тармағының
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 933 қаулысының 2-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті:
осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейін заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етілсін;
осы бұйрықтың орындалуына барлық қажетті шаралар қолдансын.
Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы «__»_________
№ ____ бұйрығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - Комитет) орман және балық шаруашылығы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында атқарушылық, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң (бұдан әрі – Министрлік) құзыретi шегінде ведомство және уәкілетті орган болып табылады.
2. Комитет өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Полная версия

