Близость слов: Окончание:





Заң жобасына тұжырымдама жобасы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының (жаңа редакция) тұжырымдамасы»
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының (жаңа редакция) тұжырымдамасы
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (жаңа редакция)
2. Заң жобасын әзірлеу қажеттігін негіздеу
Қазақстан Республикасында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» алғашқы Заң 1991 жылғы 5 маусымда қабылданған болатын.
Одақтың ыдырауына және одақтық республикалардың, оның ішінде Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты, ел ішінде де, сол сияқты жаңа құрылған субъектілермен де өзара қарым-қатынасты құқықты реттеудің жаңа жүйесін қалыптастыру қажеттілігі туды. 1991 жылғы заңға ауқымды өзгерістер енгізу орынсыз болды және нормативтік құқықтық актілер туралы Қазақстан заңнамасының ережелеріне сәйкес заңды жаңа редакцияда қабылдау қажет болды.
2010 жылғы 4 мамырда «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) жаңа редакцияда қабылданды, соған байланысты тұтынушылардың құқықтарын қорғау аясында мемлекеттік реттеудің, тұтынушылардың негізгі құқықтары мен оларды қорғаудың негізін қалаушы нормалары белгіленді.
Сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қылмыстық және Азаматтық кодекстері, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексі, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», «Тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі туралы», «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы» және т.б. Қазақстан Республикасы Заңдары сияқты әртүрлі заңнамалық актілерде бекітілген.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары туралы арнайы келісімге (Мәскеу қ. 2000 ж. 25 қаңтар) қол қойды.
Одан басқа, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт тұтынушылардың құқығына және оларды қорғауға кепілдік береді.
Тұтынушылардың құқығы адамның жалпы құқықтарының ажыратылмайтын құрамы болып табылады, бұл ретте тұтынушы нарықтың кәсіби қатысушысы болып табылмайды және мемлекеттік қолдаусыз өзінің заңды құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз етпейді. Тұтынушылық саясат кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының ең маңызды құрамы болып табылады, елдің барлық тұрғындарына, әрбір адамға қатысты, одан басқа адам мүддесі жағындағы мемлекеттің барлық саясаты бағытының өзгеруіне табанды түрде әсер етеді.
2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті заңнамалық негізде бизнеске ұсынатын тауар, жұмыс және қызмет сапасын бақылау мәселелерін өзі реттейтін жағдай тудыру қажет екендігін атап өтті.  
Бұл мәселелер Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының Құқықтық саясаты тұжырымдамасында көрсетілген.
Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес қазіргі заманғы шынайылық тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесін енгізуді, сол сияқты сот ісін жүргізудің жеке элементтерін түзетуді және үдемелі талап қою бойынша іс жүргізуді енгізуді қарастыратын меншіктің және шарт міндеттерінің құқықтарын қорғауды күшейтуді қажет етеді.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарының 46-2-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі және мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жолдады.
Көрсетілген заң жобасымен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында:
тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қолдау;
қоғамдық бірлестіктердің құқықтарын кеңейту және қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлерін аттестау;
Полная версия
ИС BestProfi