2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 29.06.2016
«Азот өнімдерін өндірудегі аппаратшылар» кәсіби стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және технологиялар министрінің м.а. 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 450 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 29 маусымнан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.03.2016 жылғы № 308 Бұйрығына сәйкес
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.А. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушы А. Pay
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова 2014 жылғы 26 наурыз
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 желтоқсанда № 450 бұйрығымен бекітілген
«Азот өнімдері өндіру аппаратшылары» кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Азот өнімдерін өндіру аппаратшылары» кәсіби стандарты біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және шарттарына қойылатын талаптарды айқындайды және:
1) кәсіби қызметтің мазмұнына, еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеуге;
2) персоналды басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге;
3) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сондай-ақ тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалауға және біліктілігінің сәйкестігіне растау жүргізуге арналған.
2. Кәсіби стандарттардың негізгі қолданушылары:
Полная версия