Близость слов: Окончание:





«Цемент зауытын жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квота белгілеу және «Цемент зауытын жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Цемент зауытын жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квота белгілеу және «Цемент зауытын жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Цемент зауытын жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квота белгіленсін.
Қоса беріліп отырған «Цемент зауытын жаңғырту» жобасын (өтініш беруші – «Шымкент цемент» акционерлік қоғамы) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары бекітілсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Цемент зауытын жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квота
 

Жобаның атауы

Өтініш беруші

Іске асыру орны

Іске асыру мерзімі

Квота ( адам )

1

2

3

4

5

Цемент зауытын жаңғырту

« Шымкент цемент » акционерлік қоғамы

Шымкент қаласы

201 4 ж.

526

«Цемент зауытын жаңғырту» жобасын (өтініш беруші – «Шымкент цемент» акционерлік қоғамы) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары
1. Аумағында басым жоба іске асырылатын уәкiлеттi органға жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуы тиіс:
1) тегi, аты, әкесiнiң аты (оның iшiнде латын әрiптерiмен), туған күнi мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмiрi, берiлген күнi және оны берген орган, тұрақты тұратын елi, шыққан елi, бiлiмi, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекiтетiн Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 01-99 «Кәсiптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметтер;
2) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңдастырылған бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған болса, көшiрмелерi);
3) оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiндегі қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берiлген, қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпарат (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде);
4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзiндi не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынумен көшірмесі (мердiгерлік және қосалқы мердiгерлік ұйымдар үшін).
2. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
3. 3 және 4-санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлер басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберіле алмайды.
4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларымен және шарттарымен регламенттеледі.
«Цемент зауытын жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квота белгілеу және «Цемент зауытын жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

Р/с



Жобада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1 .

Мемлекеттік орган – жобаны әзірлеуші

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

2 .

Жобаны қабылдау қажеттігің негіздеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы 13 қаңтардағы №45 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидаларының 4, 5, 10-тармақтарына және Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидалары мен шарттарының 46-тармағына сәйкес.

3 .

Жобаны қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Осы жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкелмейді

4 .

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржы шығындары

Жобаны іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржылық шығындарды талап етпейді

5 .

Жобаны қабылдаған жағдайда, күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары және мерзімдері енгізілетін ұсыныстардың тиімділігі

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 11 қазандағы №296 қаулысымен бекітілген Оңтүстік Қазақстан облысының аймақтық индустрияландыру картасында (123-жол) қарастырылған «Шымкент цемент» акционерлік қоғамның «Цемент зауытын жаңғырту» басым жобасының уақытында және сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында

6 .

Жобада қаралатын мәселелер жөнінде бұрын Президенттің және/немесе Үкіметтің қандай нормативтік құқықтық актілері қабылданғаны және оны әзірлеуші қалай орындағаны туралы мәліметтер

  1. «Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квоталарды белгілеу және басым жобалар бойынша шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң шарттарын бекіту және "Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидаларын және Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидалары мен шарттарын бекiту және «Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 маусымдағы № 817 қаулысы;

  2. «Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квоталар белгілеу және басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 918 қаулысы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы №1432, 2013 жылғы 8 мамырдағы № 463 қаулыларымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  3. «Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталарды белгілеу және басым жобалар бойынша шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң шарттарын бекіту және «Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидаларын және Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидалары мен шарттарын бекiту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі №386 қаулысы;

  4. «Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталарды белгілеу және басым жобалар бойынша шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы №1210 қаулысы

7 .

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттілігі

Талап етілмейді

8 .

Премьер - Министрдің тапсырмасы бойынша басқадай ұйымдарда оны жүргізген жағдайда қосымша сараптаманың (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқалардың) нәтижесі

Өткізілген жоқ

9 .

Өзге де мәліметтер

Сараптамалық қорытындыларды ескертулермен және ұсыныстармен ұсынғандар:

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

  2. «Тау-кен өндіруші және тау-металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі;

  3. «Қазақстан тауар өндірушілері және экспортқа шығарушылары одағы» заңды тұлғаларының республикалық бірлестігі.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен осы ассоциацияларға және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сараптамалық қорытындымен келіспеген себебінің келесі негіздемесін жолдады:

« Цемент зауытын жаңғырту» жобасын іске асыру мақсатында «Шымкентцемент» АҚ CTIEC компаниясымен «кілтпен» талаптарымен жобаны тапсыру мақсатымен жобалау, инженерлік-техникалық әзірлеу, сатып алу, дайындау, тасымалдау, жабдықтау, орнату, монтаж, пайдалануға беру, сынау, жеткізу, учаскелерде қызметшілерді оқыту, кепілдік беру және кез-келген кемістіктерді жою бойынша келісімге қол қойды.

Жобаны іске асыруды қауіпсіздік техникасын сақтай отырып қысқа мерзімде аяқтау үшін қызметкерлердің қытайлық жабдықтарда жұмыс істеу үшін техникалық білімдері болуы, әрлендіру және зауыттың жобалы-сметалық сызбаларында, орнату, қосу және жабдықты пайдалануға беру процессінде түсінігі болуы міндетті.

Алайда, 4-санатты жергілікті мамандарды зауытты салу технологиясына және қытай тіліне оқытуы жобаны іске асыру мерзімін ұзартады.

Сонымен бірге, шетелдік мамандар үшін құрылатын жұмыс орындары уақытша, құрылыс және іске қосу баптау жұмыстары кезеңіне болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жауабында қорытынды ескертулерсіз ұсынған.

10.

Материалдарды (үзiндi көшiрмелердi) Үкiмет мүшелерiнiң мобильдiк құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мобильдiк кеңсесi" ақпараттық жүйесi арқылы беруге рұқсат етiледi

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Рұқсат етіледі, қаулы жобасы www.mint.gov.kz интернет ресурсында орналастырылған

Қаулы жобасы – 226 Кбайт

Түсіндірме жазба – 98 Кбайт

12.

Мемлекеттік органның интернет- ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналыстыру туралы ақпарат (баспасөз релізінің атауы, күні)

«Цемент зауытын жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квота белгілеу және «Цемент зауытын жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту туралы » Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі www.mint.gov.kz интернет ресурсында 2014 жылғы 15 мамырда орналастырылған.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрдің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Полная версия
ИС BestProfi