Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасында мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі кейбір шаралары туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасында мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі кейбір шаралары туралы
«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Мүгедектер үшін жұмыс орындарын құруға қатысатын жұмыс берушілерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидалары;
2) Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталаудың үлгілік қағидалары;
3) Мүгедектерге және құрамында мүгедектер бар отбасыларға берілетін тұрғын үй-жайларды (баспананы) арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Қазақстан Республикасында мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 711 Жарлығы;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасын іске асыруға әзірленген жоба (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1547 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2014 жылға арналған жоспарының 37-тармағы)

3

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және /немесе құқықтық салдарлар

Әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық кері салдарға әкеп соқпайды

4

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны іске асыру 2016-2017 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген жалпы сомасы 99 380 868 тыс. теңге қаражат шегінде және соның есебінен жүзеге асырылатын болады.

Жобаны іске асыруға байланысты шығыстар республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады

5

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

Мүгедектерді қолдаудың мемлекеттік саясатын жетілдіру, мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау

6

Жобада қаралған мәселелер бойынша Президенттің және /немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Жоқ

8

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Өткізілген жоқ

9

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы)

Жоба:

1) www.enbek.gov.kz веб-сайтына 2014 жылғы 18 шілдеде орналастырылған;

файлдың атауы:

1) Мүгедектер үшін жұмыс орындарын құруға қатысатын жұмыс берушілерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидалары;

2) Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталаудың үлгілік қағидалары;

3) Мүгедектерге және құрамында мүгедектер бар отбасыларға берілетін тұрғын үй-жайларды (баспананы) арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтау қағидалары.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова
Полная версия
ИС BestProfi