Близость слов: Окончание:





«Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталаудың қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталаудың қағидаларын бекіту туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 5-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталаудың үлгілік қағидалары
1. Осы Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталаудың Қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 6-бабының 9-7) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Қағидалар мүгедектер үшін жұмыс орнын квоталаудың жалпы тәртібін, көлемін және квоталар белгілеу шарттарын белгілейді, мүгедектердің жұмыспен қамтылуына кепілдікті бекітеді.
Қағидалар негізінде жергілікті атқарушы орган өз құзыретіне сәйкес жұмыс орындарының квоталарын бекітеді.  
Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы (бұдан әрі - квота) – жұмыс беруші жұмысқа орналастыруға Заңда айқындалған мүгедектер санаттарына арналған жұмыс орындарының саны, оның ішінде мүгедектер жұмыс істе жатқан жұмыс орындарының саны;  
2) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау – жергілікті атқарушы органда белгілеген квотаға сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жұмыс орындарын құруы немесе бөлуі;  
3) біліктілік – қызметкердің кәсіптік даярлығының дәрежесі, оның күрделілігі белгілі дәрежедегі жұмысты орындау үшін қажетті білімі, ептілігі мен дағдыларының болуы.
Полная версия
ИС BestProfi