Близость слов: Окончание:





«Мүгедектер үшін жұмыс орындарын құруға қатысатын жұмыс берушілерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Мүгедектер үшін жұмыс орындарын құруға қатысатын жұмыс берушілерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы»
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мүгедектер үшін жұмыс орындарын құруға қатысатын жұмыс берушілерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Мүгедектер үшін жұмыс орындарын құруға қатысатын жұмыс берушілерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидалары
1. Осы Қағидалар (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабына сәйкес әзірленген.
Қағидалар Мүгедектер үшін жұмыс орындарын құруға қатысатын жұмыс берушілерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің жалпы тәртібін, сондай-ақ, олардың мүгедектер үшін жұмыс орындарын құрумен байланысты шығындарын қаржыландырудың шарттарын айқындайды.  
2. Осы Үлгілік қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орнын жабдықтау (жарақтандыру) – негізгі технологиялық жабдықты, технологиялық жарақтарды, құралдарды, мүгедектегі ағзаның бұзылған функциялары мен тіршілік-тынысының шектелуін толық немесе ішінара алмастыратын (орнын ауыстыратын) және оның еңбек функцияларын орындауына мүмкіндік беретін көмекші жабдықты іріктеу, монтаждау және пайдалану процесі;
3. Мүгедектер үшін жұмыс орындарын құруға қатысатын жұмыс берушілерге мемлекеттік қолдау шараларына мыналар жатады:
1) мемлекеттік қаржылық қолдау шаралары;
3) мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беруші акцияларының (жарғылық қордағы қатысу үлесінің) елу немесе елу пайыздан артығы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар мен солармен аффиирленген заңды тұлғалар өткізетін мемлекеттік сатып алулар мен сатып алуларды (бұдан әрі – мемлекеттік компаниялардың сатып алулары) жүзеге асыру кезіндегі мемлекеттік қолдау шаралары;
4) жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алған кездегі мемлекеттік қолдау шаралары;
5) өзге де мемлекеттік қолдау шаралары.
4. Осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын алатын жұмыс берушілер мүгедектердің еңбек (қызмет) функцияларын орындауы үшін, олардың жұмыс орындарын жабдықтауға (жарақтандыруға) міндетті.
2. Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын құру жөніндегі мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын өңірлік деңгейде ұйымдастыру
6. Жұмыс берушілердегі мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындары олардың ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады.
7. Мүгедектерге арналған жұмыс орны жұмыс орындарын құру жолымен ұйымдастырылады және мынадай ерекшеліктері болады:
2) жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыстың уақытша сипаты болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланыла алмайды;
3) мүгедектің жұмыс орны оның еңбек функциясын кедергісіз орындай алатындай түрде жабдықталуға тиіс.
8. Уәкілетті орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыс берушілерге мүгедектерге арналған жұмыс орындарын құру мен шығынның орнын толтыру бойынша қаржыландыру мәселелері бойынша консультациялар береді;
2) жыл сайын 10 қаңтарға дейінгі мерзімде жұмыс орындары ұйымдастырылатын жұмыс берушілерден өтінімдер жинауды жүзеге асырады.
Көрсетілген өтінімдер үш жұмыс күні ішінде бірыңғай тізбеге жинақталады, ол тиісті ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органына қарауға және бекітуге ұсынылады.
9. Ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органы жыл сайын, тізбені алғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде, өңірлік еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес мүгедектерге арналған жұмыс орындары ұйымдастырылатын жұмыс берушілерді) тізбесін өзінің шешімімен бекітеді, және оны қажетіне қарай жаңартып отырады.
10. Уәкілетті орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыс орындарын субсидиялау туралы жұмыс берушімен келісімшарт жасайды.  
3. Мемлекеттік қаржылай қолдау шаралары
11. Мүгедектер үшін жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерді қаржылай қолдау шараларына жұмыс берушінің мүгедектердің еңбек функцияларын орындауы үшін мүгедектерді оқытумен (қайта оқытумен), мүгедектерге еңбек ақы төлеумен, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орнын жабдықтаумен (жарақтандырумен), жұмыс орындарын сақтаумен және жаңғыртумен, мүгедектердің жұмыс орындарына және жұмыс берушілердің инфрақұрылымына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етумен, көтеру-тасымалдау және тиеу-түсіру машиналарын, бақылау-өлшеу аспаптарын, құралдарды, өндірістік айлабұйымдар мен мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қажетті басқа да құралдарды сатып алумен байланысты шығындарының орнын толтыруға мемлекеттік бюджеттен субсидиялар төлеу жатады.  
12. Жұмыс берушінің мүгедектерге еңбекақы төлеумен байланысты шығындар субсидиялауды уәкілетті орган жұмыс берушімен жасалған келісімшарттың негізінде, бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес ай сайын және аудандардың (облыстық және республикалық маңызы бар қаланың) бюджетінде осы мақсатқа көзделген сома шегінде жүзеге асырады.  
Жұмыс берушінің өзге де шығындары субсидиялау жұмыс берушімен жасалған келісімшарттарға сәйкес, аудандардың (облыстық және республикалық маңызы бар қаланың) бюджетінде осы мақсатқа көзделген сома шегінде жүргізіледі.
Жұмыс берушінің шығындарын субсидиялау заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздерден жүргізілуі мүмкін.  
13. Еңбекақы төлеумен байланысты субсидияларды төлеу жұмыс беруші уәкілетті органға ұсынған ай сайынғы деректердің негізінде, ақшаны жұмыс берушінің есеп шотына аудару жолымен жүргізіледі.
Ұсынылатын деректерде орнын өтеуге жататын шығындардың сомалары, жұмыс берушінің банктік деректемелері мен жұмыс берушінің міндеттемелері көрсетілген болуы керек.  
Субсидияларды төлеу әр айдың 3 күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
14. Мүгедектерге еңбекақы төлеуді жұмыс беруші жасалған еңбек шартының талаптарына сәйкес ай сайын жүргізеді.  
15. Жұмыс беруші нысаналы мақсатсыз төлеген және пайдаланған субсидиялар бюджетке қайтарылуға жатады.
Жұмыс беруші мақсатсыз пайдаланған субсидиялар қайтарылмаған жағдайда, соңғысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікте болады.
16. Салықтық ынталандыру шараларына мүгедектер үшін жұмыс орындарын ашқан жұмыс берушілерге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес берілетін салық жеңілдіктері жатады.
5. Мемлекеттік сатып алулар мен мемлекеттік компаниялар жүргізетін сатып алуларды жүзеге асыру кезіндегі мемлекеттік қолдау шаралары
17. Мемлекеттік сатып алулар мен мемлекеттік компаниялар жүргізетін сатып алуларды жүзеге асыру кезінде мүгедектер үшін жұмыс орындарын құрған жұмыс берушілерді мемлекеттік қолдау шараларына отандық әлеуетті өнім берушілердің (жұмыс берушілердің) жекелеген санаттарын, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен және Қазақстан Республикасының Үкіметі 2009 жылы 28 мамырда бекіткен мемлекеттік компанияларға арналған Сатып алулардың №787 үлгілік ережесімен белгіленген қолдау шаралары жатады.
Мемлекеттік компаниялар өткізетін мемлекеттік сатып алулар мен сатып алуларды өткізу кезінде, сатып алуларды ұйымдастырушылар тауарларды, жұмыстар мен қызметтердің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі 2009 жылы 28 мамырда №787 бекіткен тізбеде көрсетілген жұмыс берушілерден ғана сатып алуды жүзеге асырады.  
18. Мемлекеттік компаниялардың мемлекеттік сатып алу және сатып алулар жоспарларында мүгедектер үшін жұмыс орындарын құрған жұмыс берушілерден сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің кепілді көлемі көзделуі тиіс.
Мұндай тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу конкурстық негізде, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен және Қазақстан Республикасының Үкіметі 2009 жылы 28 мамырда №787 бекіткен мемлекеттік компанияларға арналған Сатып алулардың үлгілік ережесімен белгіленген тәртіппен және шарттармен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеде көрсетілген жұмыс берушілерден, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен, мемлекеттік компанияларға арналған Сатып алулардың үлгілік ережесімен және осы Қағидалардың 16-тармағымен белгіленген тәртіппен жүргізілетін сатып алуларға, осы қағидаларға қосылмайды.
6. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жер қойнауын пайдаланушылар сатып алған кездегі мемлекеттік қолдау шаралары
19. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жер қойнауын пайдаланушылар сатып алған кезде мүгедектер үшін жұмыс орындарын құрған жұмыс берушілерді мемлекеттік қолдау шараларына, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2008 жылы 4 сәуірде бекіткен №334 «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды өткізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің, және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесінде (бұдан әрі - Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесінде) белгіленген қолдау шаралары жатады.
Жер қойнауын пайдаланушылар мен уәкілетті адамдар тиісті тізбеде көрсетілген жұмыс берушілерден тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді бір көзден сатып алуды жүзеге асырады.
20. Жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жылдық, орта мерзімдік және ұзақ мерзімді сатып алу бағдарламалары мүгедектер үшін жұмыс орындарын құрған жұмыс берушілерден сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің кепілді көлемі мен номенклатурасын көздеуге тиіс.  
Мұндай тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу конкурстық негізде, Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесінде белгіленген тәртіппен және шарттармен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеде көрсетілген жұмыс берушілерден сатып алулар, бұл қағидаларға қосылмайды.
7. Өзге де мемлекеттік қолдау шаралары
21. Қазақстан Республикасының Заңдарымен және салалық бағдарламалармен мүгедектер үшін жұмыс орындарын құратын (құрған) жұмыс берушілерді мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары көзделуі мүмкін.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері жұмыс берушілердің шығындарын жергілікті өзін өзі басқарудың табысты көздері есебінен субсидиялауды жүзеге асыруға құқылы.
Полная версия
ИС BestProfi