Близость слов: Окончание:





«Парниктік газдар шығарындыларын есептеу бойынша жекелеген әдістемелерді бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу бойынша жекелеген әдістемелерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің ережелерін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған әдістемелер бекітілсін:
Әуе көлігінің қызметінен атмосфераға парниктік газдар шығарындыларын есептеу бойынша әдістемесі;
Жол көлігінен болған парниктік газдар шығарындыларын есептеу бойынша әдістемесі;
Жерді пайдаланудан парниктік газдар эмиссияларын/сіңірулерін есептеу әдістемесі;
Үй жануарларының энтеральді (ішкі) ферменттеуінен парниктік газдар эмиссияларын есептеу бойынша әдістемесі;
Орман шаруашылығына арналған парниктік газдардың эмиссияларын/сіңірулерін есептеу әдістемесі;  
Қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуден, ағынды суды өңдеуден және медициналық қалдықтарды өртеуден болған парниктік газдар шығарындыларын есептеу бойынша әдістемесі;
Алюминий өндірісі кезінде ауаға тараған парниктік газдар шығарындыларын есептеу бойынша әдістемесі;
Ауыл шаруашылығы жерлерінен болған азоттың шала тотығы эмиссияларын есептеу бойынша әдістемесі;  
Қиды жинау, сақтау және қолдану жүйелерінен болған парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі.
2. Осы бұйрықпен бекітілген Әдістеме ұсынымдық сипатта екендігі белгіленсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi