1. «Экономика салаларында су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген «Арнайы су пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының негізінде Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Су ресурстары комитеті көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 03.10.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 246-Ө бұйрығына 2 қосымша
«Экономика салаларында су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 3 қазаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.07.2015 жылғы № 19-1/615 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштер қабылдау және нәтижелерін беру қызметті берушілердің кеңсесі жүзеге асырылады.
1.Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру нысаны: қағаз.
2.Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – қағаз түрінде экономика салаларында су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келісу (бұдан әрі – келісу).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
1. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге қағаз немесе электронды тәсілмен жолданған өтініш пен қоса тіркелген құжаттардың (бұдан әрі – өтініш) бар болуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
2.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына енетін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, орындау ұзақтығы:
1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеуі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беруі;
2) өтінішті көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауы және көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына жолдауы;
3)көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесі басшысының жауапты қызметкерді (бұдан әрі – орындаушы) айқындауы;
4)орындаушының түскен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің тиісті су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияға (бұдан әрі – бассейндік инспекция) жіберуі;
5)бассейндік инспекцияның түскен құжаттарды қарауы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі;
6)орындаушының түскен құжаттарды қарауы, бассейндік инспекцияның қорытындысымен танысу және келісуді ресімдеу;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы рұқсатқа қол қоюы;
8) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсатты жолдауы.
1.Мына рәсімдерді (әрекеттерді) орындай бастауға негіз болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөніндегі рәсімдердің (әрекеттердің) нәтижелері:
кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
Полная версия

