Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«2012 жылғы 30 қантардағы № 171 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
2012 жылғы 30 қантардағы № 171 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы
1. «Тікелей су нысандарында орналасқан су шаруашылығы имараттарын пайдалану Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 171 қаулыға (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 жылғы № 30 400 – бап) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тікелей су нысандарында орналасқан су шаруашылығы имараттарын пайдалану ережелеріне көрсетілген қаулымен бекітілген:
3 тармақта:
5) тармақшада келесі редакцияда жазылсын:
«5) ағымдағы күрделі жөндеу және су шаруашылық құрылысты құру»;
38 тармақта келесі редакцияда жазылсын:
«38. Күрделі жөндеу жұмыстары және су шаруашылығы имараттарын қайта жаңарту техникалық байқау немесе/және имараттарды тексеру қорытындыларын ескере отырып әзірленген құрылыс жобасы бойынша осы жұмыстар түрін орындауға тиісті рұқсаты бар мамандырылған мекемемен немесе мүлік иесімен орындалады»;
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қантардағы № 171 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
№ р/с | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның ақпараты |
1. | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі |
2. | Жобаны қабылдаудың қажеттілігіне негіздеме | Су шаруашылығы жүйелерінің құрылымын оңтайландыру |
3. | Жоба қабылданған жағдайда мүмкін болатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдары | Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдары болмайды |
4 . | Жобаны жүзеге асыруға байланысты мүмкін болатын қаржылай шығындар | Жобаны қабылдау қаржылық шығындарға әкеліп соқпайды. |
5 . | Жобаны қабылдаған жағдайда күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары, мерзімдері және енгізілген ұсыныстардың болжамды тиімділігі | Осы Қағида су тартуды, су беруді, су су бөлуді, меншік түріне қарамастан су шаруашылығы құрылыстарының дұрыс және жұмыс жағдайында ұстауды ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді реттейді. |
6 . | Жобада қарастырылып отырған мәселе бойынша Президенттің және /немесе Үкіметтің бұрын қабылдаған актілері туралы мәліметтер және олардың жүзеге асырылуының нәтижелері | Жоқ. |
7 . | Болашақта қабылданатын заңнамаларды осы жобаға сәйкестендірудің қажеттілігі | Қажет етілмейді. |
8 . | Примьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда жасалған қосымша сараптамалардың (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқада) нәтижелері. | Жоқ. |
9 . | Басқа да деректер | Жоқ. |
10. | Қаулының жобасын және оған қоса берілген материалдарды (үзінділерді) Интернет арқылы және мобильді құрылғыларда Үкімет мүшелеріне «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік офисі» ақпараттық жүйесі арқылы беру | Рұқсат етіледі |
11 | Жобаның интернет-ресурста орналастырылғаны туралы ақпарат | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігінің сайтында |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі А. Мамытбеков