Близость слов: Окончание:





«Электрондық денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 25 тамыздағы № 9036 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігі
 САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Электрондық денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды бекіту туралы» (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрық жобасын қарап, келесі ескертулер жұмыс тәртібінде пысықталғаны туралы хабарлаймыз.
  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексінің 31-бабына сәйкес денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторларынан тұрады. Осыған байланысты, стационарлық, стационарды алмастыратын, кеңес беру-диагностикалық, жедел медициналық көмек көрсететін, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту бойынша медициналық ұйымдарға меншік нысанына және ведомстволық тиесілілігіне қарамастан медициналық ұйымдар жатады.
  Осыған байланысты, стандарттардың «медициналық ұйым» деген сөздер қолданылған барлық Жобаларын «меншік нысанына және ведомстволық тиесілілігіне қарамастан» деген сөздермен толықтыруды ұсынамыз.
  Қосымша ескертулер мен ұсыныстар жоқ екендігін хабарлаймыз.
  Басқарма Төрағасының орынбасары З. Ноғайбай
Полная версия
ИС BestProfi