Близость слов: Окончание:





«Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылған импортталатын тауарларға акциздердің мөлшерлемелерін бекіту туралы» қаулы кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 25 тамыздағы № 9049 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылған импортталатын тауарларға акциздердің мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын (бұдан әрі – қаулы жобасы) қарап, келесіні хабарлайды.
Қаулы жобасында Өзбекстан Республикасынан импортталатын СЭҚ ТН 8703 211 099 және СЭҚ ТН 8703 221 099 коды бар жаңа көлік құралдарына акциздердің мөлшерлемелері көзделген. Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасында Өзбекстан Республикасына импортталатын, оның ішінде қолданыста болған автомобильдердің барлық түрлеріне акциздер қолданылады.
  Баяндалғанды ескере отырып, 535 теңге/текше сантиметр мөлшерінде акциздің бірыңғай (айналы) мөлшерлемесін белгілеу мақсатқа сай деп санаймыз.
  Сонымен қатар, қозғалтқыштың жұмыс көлемі 1500 текше сантиметрден астам автомобильдерді қоса алғанда, Өзбекстан Республикасында шығарылатын автомобильдердің модельдік қатарында көлік құралдарының әртүрлі комплектациялары бар. Осыған байланысты, Өзбекстан Республикасында шығарылған жеңіл автомобильдерді (СЭҚ ТН 8703 тобы) Қазақстанға импорттаудың өсуін ескере отырып (2014 жылдың бірінші жартыжылдығында үшінші елдерден бүкіл импорттың көлемінен 50 %-дан астам), ҚР ҰКП СЭҚ ТН тауарлар позициясының санатын СЭҚ ТН 8703 санатына дейін кеңейтуді ұсынады.
  Басқарма мүшесі – Басқарма Төрағасының орынбасары М. Дузбаева
Полная версия
ИС BestProfi