Близость слов: Окончание:





«Автомобильмен тасымалдаушыларға халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Автомобильмен тасымалдаушыларға халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
>«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Автомобильмен тасымалдаушылар халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2014 жылғы 21 қарашадан кейін қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы «26» тамыз
№ 13036 қаулысымен
бекiтiлген
Автомобильмен тасымалдаушыларға халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру қағидалары
1. Осы Автомобильмен тасымалдаушыларға халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру қағидалары  (бұдан әрі - Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар автомобильмен тасымалдаушыларға халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі – Қазақстан Республикасының автомобильмен тасымалдаушыларына халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беретін құжат (бұдан әрі – рұқсат беру куәлігі);
2) автокөлік құралына рұқсат беру карточкасы – автокөлік құралын халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауда пайдалануға рұқсат беретін құжат (бұдан әрі – рұқсат беру карточкасы);
3) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі - тасымалдаушы) - меншік құқығы немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарына иелік етуші, жүктерді тасымалдауда ақыға немесе жалға қызметтер көрсететін заңды немесе жеке тұлға.
2. Автомобильмен тасымалдаушыларға халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру тәртібі
4. Жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауларын жүзеге асыру кезінде тасымалдаушыларға мынадай талаптар қойылады:
1) меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі және халықаралық автомобильмен тасымалдауды регламенттейтін халықаралық конвенцияларға және келісімдерге сәйкес келетін, сондай-ақ техникалық регламенттер талаптарына жауап беретін көлік құралдарының бар болуы;
2) автомобиль көлiгi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың бiлiктiлiгiн және кәсiби жарамдылығын растайтын құжаттардың бар болуы;
Полная версия
ИС BestProfi