Близость слов: Окончание:





«Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі № 825 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі № 825 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
  Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
  1. «Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі № 825 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2007 ж., № 34, 385-құжат) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
  аталған қаулымен бекітілген Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесінде:
  «2. Ереже тасымалдау процесіне қатысушыларға, теміржол көлігінің көмекші қызметтеріне және меншік нысанына қарамастан, темір жол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.»;
  келесі мазмұндағы 3-1) тармақпен толықтырылсын:
  «3-1. Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
  1) қауіпсіздік сертификаты – тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушының басқару жүйесінің теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларына сәйкестігін куәландыратын, осы Ережеде белгіленген тәртіппен берілген құжат;
  2) бас аудитор – басқару жүйесінің аудитіне басшылықты жүзеге асыратын және аудиттің жүргізілуі үшін жауапты уәкілетті органның өкілі;
  3) аудит жөніндегі топ – басқару жүйесінің аудитін жүргізетін екі және одан көп аудиторлар;  
  4) аудитор – уәкілетті орган басқару жүйесінің аудитін жүргізу құқығын берген тұлға;
  5) аудит жөніндегі топтың басшысы – уәкілетті органның тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушының құрылымдық бөлімшелеріндегі қауіпсіздікті басқару жүйесі аудитті басшылықты жүзеге асыратын және аудитті жүргізу үшін жауапты өкілі;  
  6) ұсыным – қауіпсіздікті басқару жүйесінің қызметін жақсартуға бағытталған аудиторлардың ұсынысы;
  7) сәйкессіздік – теміржол көлігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қауіпсіздік талаптардың орындалмауы немесе тиісінше қажетті денгейде орындалмауы;
  8) сәйкессіздіктер тізілімі – аудит жүргізу барысында айқындалған сәйкессіздіктер тізбесі.»;
  4 және 5-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:
  «4. Тасымалдау процесіне қатысушылар, теміржол көлігінің көмекші қызметтері және меншік нысанына қарамастан, темір жол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа тұлғалар өз құзыреті шеңберінде тасымалдау процесінің қауіпсіздігін (қозғалыс қауіпсіздігін) қамтамасыз етеді және Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесінің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап тартады.
Полная версия
ИС BestProfi