Близость слов: Окончание:





«Рельсті арқалық зауыты», «Цемент зауытын салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталар белгілеу және «Рельсті арқалық зауыты» басым жобасын іске асыру үшін шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Рельсті арқалық зауыты», «Цемент зауытын салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталар белгілеу және «Рельсті арқалық зауыты» басым жобасын іске асыру үшін шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Рельсті арқалық зауыты», «Цемент зауытын салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталар белгіленсін.
Қоса беріліп отырған «Рельсті арқалық зауыты» жобасын (өтініш беруші – «Ақтобе рельсті арқалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары бекітілсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Рельсті арқалық зауыты», «Цемент зауытын салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталар
 

п/п

Жобаның атауы

Өтініш беруші

Іске асыру орны

Іске асыру мерзімі

Квота ( адам )

1

2

3

4

5

6

1.

Рельсті арқалық зауыты

«Ақтобе рельсті арқалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ақтобе облысы, Ақтобе қаласы

2012 – 2014 ж . ж .

35

2.

Цемент зауытын салу

«Кокше-Цемент» ӨБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ақмола обл ысы , Еңбекшілдер ауданы , Заозерное ауылы

2005 – 2014 ж . ж .

18

«Рельсті арқалық зауыты» жобасын (өтініш беруші – «Ақтобе рельсті арқалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары
1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкiлеттi органға жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуы тиіс:
1) тегi, аты, әкесiнiң аты (оның iшiнде латын әрiптерiмен), туған күнi, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмiрi, берiлген күнi және оны берген орган, тұрақты тұратын елi, шыққан елi, бiлiмi, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекiтетiн Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 01-99 «Кәсiптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметтер;
2) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңдастырылған бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған болса, көшiрмелерi);
3) оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiндегі қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берiлген, қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпарат (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде);
4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзiндi не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынумен көшірмесі (мердiгерлік және қосалқы мердiгерлік ұйымдар үшін).
2. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 22 шелдедегі Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
3. Үшінші және төртінші санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды.
4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында регламенттеледі.
«Рельсті арқалық зауыты», «Цемент зауытын салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталар белгілеу және «Рельсті арқалық зауыты» басым жобасын іске асыру үшін шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

Р/с



Жобада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1 .

Мемлекеттік орган – жобаны әзірлеуші

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

2 .

Жобаны қабылдау қажеттігін негіздеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы 13 қаңтардағы №45 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидаларының 4, 5, 10-тармақтарына және Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидалары мен шарттарының 46-тармағына сәйкес.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтың 2014 жылғы 8 шілдедегі №17-5/09-25 хаттамалық тапсырмасына сәйкес.

3 .

Жобаны қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Осы жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкелмейді

4 .

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржы шығындары

Жобаны іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржылық шығындарды талап етпейді

5 .

Жобаны қабылдаған жағдайда, күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары және мерзімдері енгізілетін ұсыныстардың тиімділігі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі №303 қаулысымен бекітілген республикалық индустрияландыру картасында (32-жол) қарастырылған « Ақтобе рельсті арқалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің « Рельсті арқалық зауыты » және Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 22 маусымдағы № А-7/310 қаулысымен бекітілген өңірлік индустрияландыру картасында (14-жол) қарастырылған « Көкше-Цемент ӨБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Цемент зауытын салу» басым жобаларының уақытында және сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында

6 .

Жобада қаралатын мәселелер жөнінде бұрын Президенттің және/немесе Үкіметтің қандай нормативтік құқықтық актілері қабылданғаны және оны әзірлеуші қалай орындағаны туралы мәліметтер

«Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квоталарды белгілеу және басым жобалар бойынша шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң шарттарын бекіту және "Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидаларын және Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидалары мен шарттарын бекiту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 маусымдағы № 817 қаулысы

7 .

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттілігі

Талап етілмейді

8 .

Премьер - Министрдің тапсырмасы бойынша басқадай ұйымдарда оны жүргізген жағдайда қосымша сараптаманың (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқалардың) нәтижесі

Өткізілген жоқ

9 .

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзiндi көшiрмелердi) Үкiмет мүшелерiнiң мобильдiк құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мобильдiк кеңсесi" ақпараттық жүйесi арқылы беруге рұқсат етiледi

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Рұқсат етіледі, қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің www.mint.gov.kz интернет ресурсында 2014 жылғы 29 шілдеде орналастырылған

12.

Мемлекеттік органның интернет- ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналыстыру туралы ақпарат (баспасөз релізінің атауы, күні)

«Рельсті арқалық зауыты », «Цемент зауытын салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталар белгілеу және « Рельсті арқалық зауыты » басым жобасын іске асыру үшін шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту туралы » Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі www.mint.gov.kz интернет ресурсында 2014 жылғы 29 шілдеде орналастырылған

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
="/images/568245739/8622998045338816_html_d94834cb.png" width="643" height="909" align="BOTTOM" /> 
Полная версия
ИС BestProfi