Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V Заңы
Редакция 29.03.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң мемлекеттің мүлікті, оның ішінде бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны жария ету жөніндегі біржолғы акция өткізуіне байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың табыстары мен мүлкін декларациялауға көшуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 13.11.2015 жылғы № 400-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.11.2015 жылы № 221 (28699) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мүлікті жария еткені үшін алым - осы Заңда белгіленген, мүлікті жария етуді өткізгені үшін бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлем;
2) мүлікті жария ету - табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі;
3) мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлікті (ақшаны қоспағанда) жария ету туралы не жария етуден бас тарту туралы шешім шығаруға уәкілетті комиссия;
4) мүлікті жария ету субъектілері (бұдан әрі - жария ету субъектілері) - мүлкін осы Заңда белгіленген тәртіппен жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар;
5) тиісті емес тұлға (бұдан әрі – басқа тұлға) – алған кірістерін жасыру мақсатында жария ету субъектісінің кірістерінен сатып алынған мүліктің меншік иесі ретінде әрекет еткен тұлға;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.11.2015 жылғы № 400-V Заңына сәйкес (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.11.2015 жылы № 221 (28699) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6) мүлікті жария ету туралы декларация (бұдан әрі – арнайы декларация) – жария ету субъектілерінің осы Заңда белгіленген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарына қағаз жеткізгіште тапсыратын декларациясы.
1-бап 6-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.11.2015 жылғы № 400-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.11.2015 жылы № 221 (28699) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Жария ету субъектілері арнайы декларацияны мемлекеттік кіріс органына:
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы ұсынуға құқылы.
Арнайы декларацияны тапсыру тәсіліне қарай:
1) келу тәртібімен – мемлекеттік кіріс органы арнайы декларацияны алған күн;
2) пошта арқылы – мемлекеттік кіріс органының пошталық хат-хабарды қабылдағаны туралы белгі қойылған күн мемлекеттік кіріс органына ұсынған күн болып табылады.
Арнайы декларацияның нысанын, оның ішінде онда көрсетілуге жататын мәліметтерді, оны толтыру тәртібін салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылық етуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілейді.
Бұл ретте жария ету субъектісі осы Заңда белгіленген арнайы декларацияны тапсыру тәртібін, шарттарын және мерзімдерін, сондай-ақ жария етілетін мүлікке қойылатын талаптарды сақтамаған жағдайда мемлекеттік кіріс органы себебін көрсете отырып, арнайы декларацияны қабылдаудан жазбаша бас тартуды арнайы декларацияны тапсырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде береді.
Мемлекеттік кіріс органы жария ету субъектісіне жазбаша бас тартуды жібермеген жағдайда арнайы декларация қабылданған деп есептеледі.
Полная версия
ИС BestProfi