«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 15-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Жылғы №
Қаулысымен бекітілген
«Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу қағидалары
Жалпы ережелер
1. Осы «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 15-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының өңірлерінде конкурстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
«Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурстың (бұдан әрі - Конкурс) ұйымдастырушысы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары болып табылады.
Конкурсты өткізудің негізгі мақсаты номинацияларда үздік қызметкерлерді анықтау және олардың рекордтық жетістіктерін насихаттау арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінде еңбек сапасы мен өнімлілігін арттыру мотивациясы болып табылады.
Конкурсқа Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметін жүзеге асыратын, ғылым мен техниканың жетістіктерін, еңбекті ұйымдастырудың озық тәжірибесін енгізетін, Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешеннің шаруа (қожалықтарында) және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істейтін астық өндірісіндегі агрономдар, ветеринария дәрігерлері, зоотехниктер, машинамен сауу операторлары, астық жинау комбайншылары қатысады.
2. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
4. Жергілікті атқарушы органдар Конкурстың өткізу мерзімдері мен шарттары туралы интернет-ресурстарында және ресми баспа басылымдарында хабарландыру орналастырады.
5. Конкурс жыл сайын қараша айында 2 кезеңде өтеді.
6. Конкурстың бірінші кезеңін ауылдық округтердің, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдіктері өткізеді.
Полная версия

