Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 және «Бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» 2014 жылғы 5 наурыздағы № 199 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 және «Бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» 2014 жылғы 5 наурыздағы № 199 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) «Бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 78-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) аттестаттау туралы куәлiк – мемлекеттiң аттестатталған бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқым өткізушілердің қызметiн тануын айғақтайтын, өз құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы берген құжат;».
12-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжат туралы мәліметтер нысаны (тұқым өткізушілер тапсырмайды);»;
көрсетілген Қағиданың 1-қосымшасы мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін/келіспеймін (қажеттісінің астын сызу керек).»;
2) «Бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» 2014 жылғы 5 наурыздағы № 199 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 15, 137-құжат):
9-тармақтың 1) тармақшасының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжат туралы мәліметтер нысаны (тұқым өткізушілер тапсырмайды);»;
көрсетілген Қағиданың 1-қосымшасы мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін/келіспеймін (қажеттісінің астын сызу керек).».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2014 жылғы 20 қарашадан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына салыстырма кесте
Р/с № | Құрылымдық бөліктері | Қолданыстағы редакция | Ұсынылып отырған редакция | Негіздеме | ||
| «Бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 қаулысы | |||||
1 . | 2 тармақтың 2) тармақшасы | 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: … 2) аттестау туралы куәлік – мемлекеттің тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектілердің қызметін тануын растайтын, өз құзіреті шегінде тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы берген құжат; … | 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: … 2) аттестаттау туралы куәлiк – мемлекеттiң аттестатталған бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқым өткізушілердің қызметiн тануын айғақтайтын, өз құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы берген құжат; … | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру. | ||
2. | 12-тармақтың 3) тармақшасы | 12. Бірегей тұқым өндіруші, элиталық тұқым шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, тұқым өткізуші мәртебесін алу үшін жеке және заңды тұлғалар жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды ұсынады: 3) жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжатының көшірмесі (тұқым өткізушілер тапсырмайды); … | 12. Бірегей тұқым өндіруші, элиталық тұқым шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, тұқым өткізуші мәртебесін алу үшін жеке және заңды тұлғалар жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды ұсынады: 3) жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжат туралы мәліметтер нысаны (тұқым өткізушілер тапсырмайды) ; … | Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру туралы ақпарат «электрондық үкімет» порталында әйкес мәліметтер нысан түрінде ұсынылады. | ||
3. | 1-қосымша | Бірегей және элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау қағидаларына 1-қосымша Нысан _________________________________ Аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткiзудi және (нөмiрi, кiм және қашан бергені көрсетiледi) ____________________________________ ____________________________________ _________________________________ 8. Жоқ Басшы ____________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты) (қолы) _______________________________________________________ _____________ | Бірегей және элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау қағидаларына 1-қосымша Нысан _________________________________ Аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткiзудi және (нөмiрi, кiм және қашан бергені көрсетiледi) ____________________________________ ____________________________________ _________________________________ 8. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін/келіспеймін ( қажеттісінің астын сызу керек ) Басшы ____________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты) (қолы) _______________________________________________________ _____________ | Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру туралы ақпарат «электрондық үкімет» порталында әйкес мәліметтер нысан түрінде ұсынылады. | ||
«Бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 199 қаулысы | ||||||
4. | 9-тармақтың 1) тармақшасының төртінші бөлігі | 9. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады: ... | 9. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады: ... | Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру туралы ақпарат «электрондық үкімет» порталында әйкес мәліметтер нысан түрінде ұсынылады. | ||
5. | 1-қосымша | «Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi,екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi Нысан ______________________________ ______________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетіледі) Өтініш Аттестаттаудан өткiзудi және ______________________________ (ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң атауы, сорттардың саны көрсетiледi сұраймын. Жеке немесе заңды тұлға туралы мәлiметтер: ______________________________ ______________________________ ______________________________ _____________________________________________________________________ 7. Қоса берiлiп отырған құжаттар: _____________________________ 8. Жоқ Басшы _____________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетіледі) (қолы) Мөр орны 20 ___ жылғы «___» ___________ Өтiнiш қарауға 20 ___ жылғы «__» ___________ қабылданды | «Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi,екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi Нысан ______________________________ ______________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетіледі) Өтініш Аттестаттаудан өткiзудi және ______________________________ (ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң атауы, сорттардың саны көрсетiледi сұраймын. Жеке немесе заңды тұлға туралы мәлiметтер: ______________________________ ______________________________ ______________________________ _____________________________________________________________________ 7. Қоса берiлiп отырған құжаттар: _____________________________ 8. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін/келіспеймін ( қажеттісінің астын сызу керек ) Басшы _____________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетіледі) (қолы) Мөр орны 20 ___ жылғы «___» ___________ Өтiнiш қарауға 20 ___ жылғы «__» ___________ қабылданды | Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру туралы ақпарат «электрондық үкімет» порталында әйкес мәліметтер нысан түрінде ұсынылады. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«Бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 және «Бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» 2014 жылғы 5 наурыздағы № 199 қаулы жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Р/с № | Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
1. | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
2. | Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі | «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес |
3. | Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар | Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды |
4. | Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар | Жобаны іске асырумен байланысты қаржы шығындары қажет етілмейді |
5. | Жоба қабылданған жағдайда күтіліп отырған нәтижелердің нақты мақсаттары, мерзімдері және тиімділігі | Мақсаты - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру |
6. | Жобада қаралып отырған мәселелер бойынша бұдан бұ-рын қабылданған Президенттің және/немесе Үкі-меттің кесімдері және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер | 1) «Бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 қаулысы; 2) «Тұқым шаруашылығы саласындағы кейбiр субъектiлердi аттестаттау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1507 қаулысы; 3) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 390 қаулысы; 4) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысы; 5) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1383 қаулысы. |
7 | Соңынан заңнаманы жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі | Қажеті жоқ |
8 | Премьер-Минстрдің тапсырысы бойынша басқа ұйымдарда жүргізілген жағдайда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа) нәтижелері | Жоқ |
9 | Басқа мәліметтер | Жоқ |
10 | «Қазақстан Республикасы Үкіметіні мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдыктарына материалдарды (көшірмелер) беруге рұқсат етіледі | Рұқсат етіледі |
11. | Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат | Жоба Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында 2014 жылғы 18 тамызда орналастырылған. |
12. | Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні) | «Бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 қаулысының жобасына баспасөз релизі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында 2014 жылғы 18 тамызда орналастырылған. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков