Близость слов: Окончание:





«Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi беру қағидаларын бекiту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi беру қағидаларын бекiту туралы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 177-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi беру қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2014 жылғы 21 қарашадан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К. Мәсімов
Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершілiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi беру қағидалар
1. Осы Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi беру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 1969 жылғы Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiк туралы халықаралық конвенцияға (бұдан әрi – Конвенция) және «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 177-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрленді.  
2. Қағидалар екі мың тоннадан астам мұнайды жүк ретінде құйып тасымалдайтын кеменің кеме иесiнiң ластанудан болатын залал үшiн жауапкершiлiгi сақтандырылғандығын немесе Конвенцияның VII бабына сәйкес өзге тәсiлмен қамтамасыз етiлгендiгiн куәландыратын Мұнаймен ластанудан болатын залал үшін азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi (бұдан әрi – Куәлiк) беру тәртiбiн айқындайды.  
3. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:  
1) кеме иесі – кеменiң меншiк иесі болып табылатынына немесе оны өзге де заңды негiзде пайдалануына қарамастан өз атынан кемені пайдаланатын тұлға;
2) кеменiң меншiк иесi – Кемелер мен оларға құқықты мемлекеттік тіркеу қағидасына сәйкес кеменiң меншiк иесi ретiнде тiркелген тұлға;
3) мұнай – кеменiң бортында жүк ретiнде немесе осындай кеменiң отын танкерлерiнде тасымалданғанына қарамастан кез келген тұрақты мұнай, атап айтқанда шикi мұнай, мазут, ауыр дизель отыны, жағар май және кит майы;  
4) ластанудан болатын залал – мұнайдың ағуы немесе төгiлуi қай жерде болса да, мұндай ағу немесе төгiлу салдарынан болған кеме сыртындағы ластанудан келтiрiлген шығындар немесе залал және алдын алу шараларының құнын және бұдан басқа алдын алу шараларымен келтiрген шығындар мен залалдарды қамтиды.  
Полная версия
ИС BestProfi