Близость слов: Окончание:





«Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 726 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 726 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы
№ 726 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 44,
582-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды және Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1) Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптар;
2) Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру қағидалары бекітілсін»;
көрсетілген қаулымен бекітілген кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарда:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кеме экипажы құрамының осы Талаптарға сәйкестігі кеменің мемлекеттік тіркелуі жүзеге асырылған теңіз портының капитаны үш жыл мерзімге беретін уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікпен расталады.»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру қағидаларымен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2014 жылғы 21 қарашадан кейін қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру қағидалары
1. Осы Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы № 284 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
кеме – сауда мақсатында теңiзде жүзуге пайдаланылатын, су ығыстырмайтын кеме мен гидроұшақты қоса алғанда, өздiгiнен жүретiн немесе өздiгiнен жүрмейтiн жүзбелi құрылыс;
кеме иесі – кеменiң меншiк иесі болып табылатынына немесе оны өзге де  
заңды негiзде пайдалануына қарамастан өз атынан кемені пайдаланатын тұлға;
кеменiң меншiк иесi – Кемелер мен оларға құқықты мемлекеттік тіркеу қағидасына сәйкес кеменiң меншiк иесi ретiнде тiркелген тұлға.
3. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті алу үшін кеменің меншік иесі және (немесе) кеме иесі порттың теңіз әкімшілігіне өтінішті береді.
Өтініш теңіз порты капитанының атына:  
1) кеменің атауын, шақыру сигналын, жалпы сыйымдылығын, Халықаралық Теңіз Ұйымының (IMO) нөмірін;  
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмi, бербоут-чартер тiзiлiмi немесе халықаралық кеме тізілімі бойынша кеменiң тiркеу нөмiрiн;
4) кеме меншік иесінің атауы мен мекенжайын;  
5) кеме иесi (кеме жалдаушы) мен оның мекенжайын көрсете отырып беріледі.
4. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру туралы өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін теңіз кемесінің жүзу құқығы туралы куәлік;
2) кемеге меншік құқығы туралы куәлік;
5. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беруді кеме иесінің және (немесе) кеменің меншік иесінің кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру туралы өтініштері және осы Қағиданың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген құжаттар алынған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде теңіз портының капитаны жүзеге асырады.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде және Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген кемелерге кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік үш жыл мерзімге беріледі. Бербоут-чартер тізілімінде тіркелген кемелерге кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығының қолданылу мерзіміне беріледі.
7. Қазақстан Республикасында тіркелген кемелерге кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беруден ұсынылған құжаттар осы Қағиданың 3 және 4-тармақтарындағы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бас тартылады. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беруден дәлелді бас тарту өтініш берушіге өтініш алынған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде беріледі.  
8. Кеме иесі және (немесе) кеменің меншік иесі кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда порттың теңіз әкімшілігі кеме иесінің және (немесе) кеменің меншік иесінің еркін нысанда жасалған өтініші бойынша көрсетілген куәліктің телнұсқасын өтініш алынған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде береді.
Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
28 маусымдағы № 726 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
 ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты



1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі



2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 25) тармақшасын іске асыру мақсатында



3.

Жоба қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтiк-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді



4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Талап етілмейді



5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Жобаны қабылдау кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды және кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру тәртібін айқындауға мүмкіндік береді



6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Талап етілмейді



7 .

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етілмейді



8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жүргізілген жоқ





9 .

Өзге де мәліметтер

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2 ескертуі ұсынылды (2 –есепке алынбады).

  1. Сараптамалық қорытындылармен келіспеу себептеріне анықтама-негіздеме қоса беріледі.



10 .

Материалдарды ( үзінді көшірмелерді ) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі.

Рұқсат етіледі



11

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Жоба Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған



12

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Талап етілмейді













Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев













Ә. Исекешев





2014 жылғы « »









«Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 726 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
 анықтама – негіздеме
«Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 726 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына (бұдан әрі - жоба) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы бойынша келесі хабарланады.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы салыстырма кестеде «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-бабы 3-тармағының 55-3) тармақшасына қате сілтеме туралы және Заңда кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру қағидалары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті көрсетілгені туралы ескертулер ұсынған.
Алайда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен Заңның 4-бабы 3-тармағы 55-2), 55-3) тармақшалармен толықтырылды. Осыған байланысты, жобаның салыстырма кестесінде Заңының 4-бабы 3- тармағының 55-3) тармақшасына сілтеме көрсетілген.
Сонымен бірге, Заңның 4-бабы 2-тармағының 25) тармақшасында көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеуге және кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру тәртібін айқындауға  өзгертілген.
Осыған байланысты, көрсетілген ескертулер қабылданған жоқ.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атына келіспеушілік туралы 2014 жылғы 16 маусымдағы № 22-01-22-3/853 хат жіберілді.
Қазақстан Республикасының  Инвестициялар және даму
«Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 726 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына салыстырма кесте
 

р/с

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Енгізілетін түзетулерге негіздеме

1

2

3

4

5

« Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 726 қаулысы

Көрсетілген қаулының атауы

«Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы»

« Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптар ды және Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру қағидасы н бекіту туралы»

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабының 2-тармағының 25-тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында редакциялық түзету

1-тармақ

«1. Қоса беріліп отырған :

1) Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптар бекітілсін ;

2) жоқ

«1. Қоса беріліп отырған:

1) Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптар;

2) Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру қағидасы.

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабының 2-тармағының 25-тармақшасына сәйкес

Көрсетілген қаулымен бекітілген Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарда

Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптардың 4-тармағы

4. Кеме экипажы құрамының осы Талаптарға сәйкестігі кеменің мемлекеттік тіркелуі жүзеге асырылған теңіз портының капитаны үш жыл мерзімге Талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша беретін Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікпен расталады.





4. Кеме экипажы құрамының осы Талаптарға сәйкестігі кеменің мемлекеттік тіркелуі жүзеге асырылған теңіз портының капитаны үш жыл мерзімге беретін уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікпен расталады.















«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабының 3-тармағының 55-3) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында редакциялық түзету





















Жоқ.

Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру қағидасы





1. Осы кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы № 284 Заңына сәйкес әзірленді және кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

кеме – сауда мақсатында теңiзде жүзуге пайдаланылатын, су ығыстырмайтын кеме мен гидроұшақты қоса алғанда, өздiгiнен жүретiн немесе өздiгiнен жүрмейтiн жүзбелi құрылыс;

кеме иесі – кеменiң меншiк иесі болып табылатынына немесе оны өзге де

заңды негiзде пайдалануына қарамастан өз атынан кемені пайдаланатын тұлға;

кеменiң меншiк иесi – Кемелер мен оларға құқықты мемлекеттік тіркеу қағидасына сәйкес кеменiң меншiк иесi ретiнде тiркелген тұлға.

3. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті алу үшін кеменің меншік иесі және (немесе) кеме иесі порттың теңіз әкімшілігіне өтінішті береді.

Өтініш теңіз портының капитанына:

  1. кеменің атауын, шақыру сигналын,

жалпы сыйымдылығын, Халықаралық Теңіз Ұйымының (IMO) нөмірін;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмi, бербоут-чартер тiзiлiмi немесе халықаралық кеме тізілімі бойынша кеменiң тiркеу нөмiрiн;

3) жүзу ауданын (дарын);

4) кеме меншік иесінің атауы мен мекенжайын;

5) кеме иесi (кеме жалдаушы) мен оның мекенжайын көрсету арқылы беріледі.

4. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру туралы өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін теңіз кемесінің жүзу құқығы туралы куәлік;

2) кемеге меншік құқығы туралы куәлік;

3) кеме экипажының штаттық кестесі.

5. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беруді кеме иесінің және (немесе) кеменің меншік иесінің кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру туралы өтініштері және осы Қағиданың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген құжаттар алынған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде теңіз портының капитаны жүзеге асырады.

6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде және халықаралық кеме тізілімінде тіркелген кемелерге кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік үш жыл мерзімге беріледі.

Бербоут-чартер тізілімінде тіркелген кемелерге кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын қолдану мерзіміне беріледі.

7. Қазақстан Республикасында тіркелген кемелерге кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беруден ұсынылған құжаттар осы Қағиданың 3 және 4-тармақтарындағы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бас тартылады. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беруден дәлелді бас тарту өтініш берушіге өтініш алынған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде беріледі.

8. Кеме иесі және (немесе) кеменің меншік иесі кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда порттың теңіз әкімшілігі кеме иесінің және (немесе) кеменің меншік иесінің еркін нысанда жасалған өтініші бойынша көрсетілген куәліктің телнұсқасын өтініш алынған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде береді.







«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабының 2-тармағының 25-тармақшасына сәйкес

 





Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі









Ә. Исекешев

Полная версия
ИС BestProfi