Близость слов: Окончание:





«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 5-2/197 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 9372 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 5-2/197 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығының жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымшада субсидияларды көрсетілетін қызметті алушының шотына аудару мерзімі – отыз сегіз жұмыс күнінен астам мерзімді құрайды деп белгіленген.
«Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу бойынша субсидиялау» және «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 ақпандағы қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-тармағы 1) тармақшасында субсидияларды көрсетілетін қызметті алушының банк шотына аудару бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – тиісті жылдың 20 қарашасынан кейін жиырма бес жұмыс күні ішінде деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданың (бұдан әрі - Қағида) 19-тармағына сәйкес рәсімдерді (іс-қимылдарды) жүзеге асыру мерзімдері мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетудің уақыты бойынша шектеулері мерзімінен аспайды. Осыған орай, субсидияларды көрсетілетін қызметті алушының банк шотына аудару бойынша мерзімді сәйкес келтіруді ұсынамыз.
Бұдан басқа, «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымшада Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаудан бас тарту мүмкіндігі көрсетілді.
Көрсетілген Қағидада өтінішті қабылдаудан бас тарту және құжаттарды қабылдаудан бас тарту жөнінде қолхат беру туралы ереже халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері үшін ғана көзделген (Қағиданың 10-тармағы 7-тармақшасы). Осыған орай, осы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаудан бас тарту мүмкіндігін алып тастауды ұсынамыз.
Агроөнеркәсіптік кешен комитеті Хатшылығының хатшысы М. Уксикбаев
Полная версия
ИС BestProfi