Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 23 маусымдағы
№ 367 бұйрығына
3-қосымша
Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидалары
Редакция 28.05.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) біліктілік куәлігін алу үшін шарттарды айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:  
1) аттестаттау - біліктілік емтихандарын қабылдау арқылы Біліктілік комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттардың (бұдан әрі - кандидат) білімдері мен дағдыларын айқандау рәсімі;
2) біліктілік емтиханы (бұдан әрі – емтихан) – модульдік тапсырманы шешу және тестілеуден өткізу арқылы кандидаттардың білімдері мен дағдыларын тексеру нысаны;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.05.2016 жылғы № 573 Бұйрығына сәйкес (23.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3) модульдік тапсырма - теориялық сұрақтар мен тестілерді көздейтін, кем дегенде екі тапсырмадан тұратын тапсырмалар көлемі.
3. Аттестаттауға жоғары техникалық немесе орта техникалық білімі, сабақ өткізу санатында жүргізуші куәлігі, кем дегенде бес жыл жүргізуші өтілі бар адамдар жіберіледі.  
4. Кандидаттарды аттестаттау Комиссия жыл сайын бекітетін жұмыс жоспарларына сәйкес жылына кемінде екі рет өткізіледі.  
5. Аттестаттаудан өткізу күні бұқаралық ақпарат құралдарында, Кәсіптік бірлестіктер мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурстарында жарияланады және белгіленген аттестаттаудан өткізу күніне дейін екі айдан кешіктірмей кандидаттарға хабарланады.
6. Аттестаттауға тіркеу үшін кандидат Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;  
3) жоғары техникалық немесе орта техникалық білімін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086е нысаны бойынша медициналық анықтама;
7. Құжаттардың Комиссияға келіп түскен күні кіріс хат-хабарлар журналына тіркеледі және кіріс нөмірімен бірге кандидаттың өтінішіне қойылады.
8. Емтихандар тапсыруға тіркелген кандидаттардың тізімдері Комиссия төрағасының (ол болмаған жағдайда Төрағаның орынбасарының) өкімімен бекітіледі. Емтиханға жіберу туралы шешім емтихан өткізер алдында екі аптадан кешіктірмей ауызша немесе жазбаша нысанда кандидаттың назарына жеткізіледі.  
9. Аттестаттауды табысты аяқтаған кандидаттарға біліктілік куәлігінің нөмірін, тегін, атын, әкесінің атын көрсетіп, Комиссияның шешімімен «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері», «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігі беріледі.  
Полная версия
ИС BestProfi