Близость слов: Окончание:





«2014-2015 оқу жылына жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 шілдедегі № 261 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 315 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2014 жылғы 18 тамыздағы № 354 бұйрығы
1. «2014-2015 оқу жылына жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 шілдедегі № 261 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 315 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 5 тамызда № 9670 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 7 тамыздағы № 152 (28376) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына жіберсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің   міндетін атқарушы Т. Балықбаев 
Полная версия
ИС BestProfi