Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.11.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2014 жылғы 1 шілдедегі
№ 67 бұйрығына
3-қосымша
«Құқықтық статистикалық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 29 қарашадан бастап ҚР Бас прокурорының 12.10.2015 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті және оның аумақтық басқармалары (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) «Құқықтық статистикалық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 мамырдағы № 505 қаулысымен бекітілген «Құқықтық статистикалық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетеді.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - құқықтық статистикалық ақпарат (бұдан әрі - ақпарат).
2.Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде қызмет көрсетуші құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлер) әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қызмет көрсетушінің қызмет алушыдан қажетті құжаттарды алуы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету рәсімінің (әрекетінің) басталуы үшін негіз болады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің әрбір рәсімінің (әрекетінің) мазмұны және оның орындалу уақыт мерзімі:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қызмет алушының ұсынған құжаттарын 30 минут аралығында қызмет көрсетуші кеңсесінің қызметкері қабылдап, ақпаратық жүйеге тіркейді және оларды қызмет көрсетушінің басшысына жолдайды;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қызмет алушы ұсынған қажетті құжаттарды қызмет көрсетушінің басшысы екі сағат мерзімінде қарайды және құрылымдық бөлімше басшысына жолдайды;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қызмет алушы ұсынған қажетті құжаттарды құрылымдық бөлімшенің басшысы екі сағат мерзімінде қарайды, жауапты орындаушыны белгілейді және оған құжаттарды жолдайды;
4) 14 күнтізбелік күн аралығында Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйеде бар мәліметтердің негізінде жауапты орындаушы ақпаратты іздейді және дайындайды;
5) ақпаратты дайындау күнінде құрылымдық бөлімше басшысы ақпаратқа виза қояды;
6) ақпаратты дайындау күнінде қызмет көрсетушінің басшысы ақпаратқа қол қояды;
7) кеңсе қызметкері қызмет алушының жеке келген кезінде берілген ақпаратты есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызумен анықтаманы 15 минут аралығында береді және тіркейді.
6. Келесі әрекетті орындауға негіз болатын мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету рәсімінің (әрекет) нәтижелері:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қызмет алушының қажетті құжаттарын қызмет көрсетушінің кеңсесінде тіркеу және оларды басшыға беру;
2) қызмет көрсетуші басшысының құрылымдық бөлімше басшысына қарау үшін резолюциясы;
Полная версия
ИС BestProfi