Атқарушы құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік айыппұлды салу жөнінде қаулыларды ерікті түрде орындамаған тұлғалардың орталықтандырылған деректер банкін (борышкерлердің орталықтандырылған деректер банкі) құру және оны жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 70 бұйрығы.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 шілдеде № 9628 тіркелді
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 3-тармағының 14) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе өзгертілді ҚР Бас Прокурорының 05.01.2015 жылғы № 4 Бұйрығымен (08.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.02.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас прокурорының 26.09.2017 жылғы № 108 Бұйрығына сәйкес (05.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының м.а. 02.07.2020 жылғы № 82 Бұйрығына сәйкес (01.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Атқарушы құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік айыппұлды салу жөнінде қаулыларды ерікті түрде орындамаған тұлғалардың орталықтандырылған деректер банкі(борышкерлердің орталықтандырылған деректер банкі) құрылсын.
2. Қоса берiлген атқарушы құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік айыппұлды салу жөнінде қаулыларды ерікті түрде орындамаған тұлғалардың орталықтандырылған деректер банкін (борышкерлердің орталықтандырылған деректер банкі)жүргiзу жөніндегі Нұсқаулығы бекiтiлсiн.
Атқарушылық құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған адамдардың, сондай-ақ әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыларды ерікті түрде орындамаған адамдардың орталықтандырылған деректер банкін (борышкерлердің орталықтандырылған деректер банкі) жүргізу жөніндегі нұсқаулық
Нұсқаулықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 15.02.2021 жылғы № 17 Бұйрығына сәйкес (02.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Атқарушылық құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған адамдардың, сондай-ақ әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыларды ерікті түрде орындамаған адамдардың орталықтандырылған деректер банкін (борышкерлердің орталықтандырылған деректер банкі) жүргізу жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 15.02.2021 жылғы № 17 Бұйрығына сәйкес (02.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. БОДБ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінің (бұдан әрі – ҚСжАЕК ААЖ) әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - әкімшілік практика субъектілері) «Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20962 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 85 бұйрық) сәйкес ұсынған мәліметтерінің негізінде және атқарушылық іс жүргізу органдарының «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 10 бұйрығымен көзделген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19882 болып тіркелген) ақпараттық есепке алу құжаттарының негізінде ұсынған мәліметтерінің негізінде қалыптастырылады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Бас Прокурорының 05.01.2015 жылғы № 4 Бұйрығымен (08.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.02.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының м.а. 01.08.2019 жылғы № 80 Бұйрығына сәйкес (25.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының м.а. 02.07.2020 жылғы № 82 Бұйрығына сәйкес (01.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 15.02.2021 жылғы № 17 Бұйрығына сәйкес (02.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)