«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған «Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
| Р/с № | Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
|
| 2. | Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі | «Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес |
| 3. | Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар | Жобаны іске асыру теріс әлеуметтiк-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді |
| 4. | Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар | Жобаны іске асыру қосымша қаржылық шығындарға әкелмейді |
| 5. | Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі | Жобаны қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсету және шағымдану рәсімдерін жетілдіруге мүмкіндік береді |
| 6. | Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер | жоқ |
| 7. | Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі | Талап етілмейді |
| 8.
| Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері | Жүргізілген жоқ |
| 9. | Өзге де мәліметтер | жоқ |
| 10 . | Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі. | Рұқсат етіледі |
| 11. | Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және күні) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы) | Қаулының жобасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz ресми сайтында орналастырылды, 500 КБ |
| 12. | Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні) | Баспасөз релизі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылды |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
2014 жылғы « »
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы « » № қаулысымен бекітілген
«Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көліктік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген сәттен бастап портал арқылы:
1) лицензияны беру – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

