Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2015
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызметі бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 894 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 18.06.2015 жылғы № 457 Қаулысына сәйкес
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылға 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 53) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2014 жылғы 5 тамыздағы
 № 894 қаулысымен
 бекітілген
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидалары
1. Осы Қағидалар жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде (бұдан әрі — қорғалмаған елді мекендер) өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру тәртібін айқындайды.
2. Жергілікті атқарушы органдар өрт сөндіру бекеттерін қорғалмаған елді мекендерде кезекші ауысымға, өрт сөндіру автомобиліне немесе өрт сөндіруге бейімделген жылжымалы техникаға арналған, телефон байланысымен, электр энергиясымен, жылумен және сумен қамтумен қамтамасыз етілген үй-жайлары бар ғимараттарда құрады.
3. Тиісті әкімшілік аумақтарда өрт сөндіру бекеттерін құру, олардың қызметін ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.
4. Өрт сөндіру бекеттері осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес өрт-техникалық жабдық пен жарақтың ең аз санымен жасақталған өрт сөндіру автомобилімен немесе өрт сөндіруге бейімделген жылжымалы техникамен жарақталады.
5. Өрт сөндіру автомобилі не өрт сөндіруге бейімделген жылжымалы техника жанар-жағармай материалдарымен және өрт сөндіргіш заттармен қамтамасыз етіледі, олардың қорын жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша өрт сөндіру бекетінің басшысы айқындайды.
6. Өрт сөндіру бекеттерінің жұмыс істеуі үшін ерікті өрт сөндірушілер, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес баска да адамдар тартылады.
7. Өрт сөндіру бекеттерін өрттерді сөндіруге тарту тәртібі тиісті өртке қарсы қызмет гарнизонының күштері мен құралдарын тартудың аудандық жоспарымен айқындалады.
Жергілікті атқарушы органдардың
 мемлекеттік өртке қарсы қызмет
бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт
 сөндіру бекеттерін құру, оларды
 материалдық-техникалық
 жарақтандыру қағидаларына
 1-қосымша
Өрт сөндіру автомобиліне өрт-техникалық жабдық пен жарақтың ең аз тізбесі
 

Р/с

Жабдық пен жарақтың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

Сорғыш түтік ұзындығы 4 м, диаметрі 125 мм

дана

2

2

Сорғыш түтік ұзындығы 4 м, диаметрі 75 мм

дана

2

3

Тегеурінді түтік, гидранттан жұмыс істеу үшін латексті, ұзындығы 4-5 м, диаметрі 77 мм

дана

2

4

Тегеурінді түтік, латексті, ұзындығы 20 м, диаметрі 66 мм

дана

10

5

Тегеурінді түтік, латексті, ұзындығы 20 м, диаметрі 51 мм

дана

6

6

Тегеурінді түтік үшін СВ-125 торы, ұзындығы 12 м жібімен

дана

1

7

РТ-70 (РТ-80) 3 тармақты тарамдалу

дана

2

8

СВ-125 қақпашалары бар түтікті су жинағыш

дана

1

9

Өрт бағаны

дана

1

10

РСК-50 оқпаны

дана

4

11

Лафетті жылжымалы оқпан

дана

1

12

Орташа еселікті көбік генераторы ГПС-600

дана

2

13

Көлденең ара

дана

1

14

Таяқ-саты

дана

1

15

Ұзындығы 2,5 м металл багор

дана

1

16

Сүймен

дана

1

17

Ағаш ұстасының балтасы

дана

1

18

Жеңіл өрт ілмегі

дана

1

19

Сүйір күрек

дана

1

20

Ағаш қораптағы ағаш кесетін қол ара

дана

1

21

Электр желілерін кесуге арналған аспаптар жиынтығы оның ішінде:









диэлектрлік тұтқасы бар қайшы

дана

1

диэлектрлік қолғап

жұп

1

диэлектрлік боты

жұп

1

диэлектрлік кілемше

дана

1

22

Электрлік топтық фонарь

дана

1

23

Автомобилге техникалық қызмет көрсетуге арналған аспаптар жиынтығы

жиынтық

1

24

Автомобильдік радиостанция

дана

1

25

Сигналдық-дауыс зорайтқыш құрылғысы

дана

1

26

Өрт сөндіру автомобиліндегі бөлімшенің құрамына кіретін бір жұмысшыға арналған жеке жарақ, оның ішінде:









өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі

жиынтық

1

өрт сөндірушінің етігі

жұп

1

өрт сөндіру каскасы

дана

1

өрт сөндіру құтқару белбеуі

дана

1

өрт сөндіру карабині

дана

1

өрт сөндіру балтасы

дана

1

өрт сөндіру балтасының кобурасы

дана

1

Жергілікті атқарушы органдардың
 мемлекеттік өртке қарсы қызмет
бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт
 сөндіру бекеттерін құру, оларды
 материалдық-техникалық
 жарақтандыру қағидаларына
 2-қосымша
Өрт сөндіруге бейімделген жылжымалы техникаға өрт-техникалық жабдық пен жарақтың ең аз тізбесі
 

Р/с

Жабдық пен жарақтың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

Тегеурінді түтік, латексті, ұзындығы 20 м, диаметрі 51 мм

дана

6

2

Тегеурінді түтік, латексті, ұзындығы 20 м, диаметрі 66 мм

дана

4

3

Тегеурінді түтік, гидранттан жұмыс істеу үшін латексті, ұзындығы 4-5 м, диаметрі 77 мм

дана

2

4

РТ-70 3-тармақты тарамдалу

дана

1

5

РСК-50 оқпаны

дана

2

6

Таяқ-саты

дана

1

7

Ұзындығы 2,5 м металл багор

дана

1

8

Сүймен

дана

1

9

Ағаш ұстасының балтасы

дана

1

10

Ағаш қораптағы ағаш кесетін қол ара

дана

1

11

Электр желілерін кесуге арналған аспаптар жиынтығы, оның ішінде:









диэлектрлік тұтқасы бар қайшы

дана

1

диэлектрлік қолғап

жұп

1

диэлектрлік боты

жұп

1

12

Электрлік топтық фонарь

дана

1

13

Өрт сөндіруге бейімделген жылжымалы өрт техникасындағы бөлімшенің құрамына кіретін бір жұмыскерге арналған жеке жарақ оның ішінде:















өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі

жиынтық

1

өрт сөндірушінің етігі

жұп

1

өрт сөндіру каскасы

дана

1

өрт сөндіру құтқару белбеуі

дана

1

өрт сөндіру карабині

дана

1

өрт сөндіру балтасы

дана

1

Полная версия
ИС BestProfi