Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Канада Үкіметі арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ (Астана, 2013 жылғы 13 қараша)
ҚР Үкіметінің 05.08.2014 жылғы № 877 қаулысымен бекітілді
       Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Канада Үкіметі (бұдан әрi «Тараптар» деп аталатын);
      Тараптар арасындағы қазiргi достық байланыстарды нығайтуға ниет бiлдiре отырып;
      атом энергиясын бейбiт мақсатта пайдалану саласындағы тиiмдi ынтымақтастықтың артықшылықтарын және тұрақты дамуға жәрдемдесудi назарға ала отырып;
      Қазақстан Республикасы мен Канаданың ядролық қаруы жоқ, 1968 жылғы 1 шiлдеде Лондонда, Мәскеуде және Вашингтонда жасалған Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (бұдан әрi - «ЯҚТШ» деп аталатын) қатысушы мемлекеттер болып табылатынын және солай бола тұрып ядролық қаруды немесе басқа ядролық жарылғыш құрылғыларды шығармауға немесе қандай да бiр өзгеше тәсiлмен сатып алмауға мiндеттенгенiн және Тараптардың әрқайсысының Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiкпен (бұдан әрi «МАГАТЭ» деп аталатын) ЯҚТШ-ға байланысты кепiлдiктердi қолдану туралы келiсiм жасасқанын мойындай отырып;
      ЯҚТШ-ның қатысушылары болып табылатын Тараптардың өздерiне ядролық материалдармен, арнайы ядролық емес материалдармен, жабдықтармен, атом энергиясын бейбiт мақсатта пайдалану саласындағы ғылыми және технологиялық ақпаратпен алмасуға ықпал ететiн мiндеттемелер алғанына және қатысуға мiндеттi өздерiне алғанына және ЯҚТШ-ның қатысушылары болып табылатын Тараптардың да ынтымақтаса алатындығына және басқа мемлекеттермен бiрлесiп атом энергиясын бейбiт мақсатта пайдалану саласындағы бұдан кейiнгi қызметке үлес қосатындықтарына ерекше мән бере отырып;
      осыған байланысты, осы мақсатта бiр-бiрiмен ынтымақтастыққа ниет бiлдiре отырып;
      Қазақстан Республикасы үшiн – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, ал Канада үшiн Канаданың Ядролық қауiпсiздiк комитетi «құзыреттi органды» бiлдiредi. Осы Келiсiм бойынша Тараптардың бiрiнiң құзыреттi органы өзгергенде, ол басқа Тарапты бұл туралы жазбаша хабардар етедi;
      «жабдықтар» осы Келiсiмнiң А қосымшасында санамаланған кез келген жабдықты бiлдiредi;
      «ядролық материал», бұл терминдер МАГАТЭ Жарғысының XX бабында айқындалғандай, кез келген бастапқы материалды немесе кез келген арнайы бөлшектенушi материалды бiлдiредi. МАГАТЭ Жарғысының XX Бабына сәйкес МАГАТЭ басқарушыларының Кеңесi қабылдаған «бастапқы материал» немесе «арнайы бөлшектенушi материал» ретiнде қаралатын материалдардың тiзiмiне өзгерiс енгiзетiн кез келген анықтаманың осы Келiсiмнiң Тараптары осындай өзгерiспен келiсетiндiктерi туралы бiр-бiрiне жазбаша түрде хабарлағаннан кейiн ғана осы Келiсiм үшiн күшi болады;
      «тұлға» Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес құрылған кез келген жеке немесе заңды тұлғаны бiлдiредi;
      «арнайы ядролық емес материал» осы Келiсiмнiң В қосымшасында көрсетiлген кез келген затты бiлдiредi;
      «технология» өнiм берушi Тарап табыстауға дейiн және алушы Тараппен консультациядан кейiн ядролық қаруды таратпау тұрғысынан алғанда мәнi бар деп айқындаған, қандай да бiр ядролық материалды, арнайы ядролық емес материалды немесе жабдықтарды әзiрлеуге, өндiруге немесе пайдалануға қажеттi нақты ақпаратты бiлдiредi. Бұл ақпарат жазбаша түрде немесе басқа тасушыларда (мысалы, дискiлерде, есте сақтаушы құрылғыларда және т.б.) берiлген техникалық сызбаларды, жоспарларды, кестелердi, үлгiлердi, формулаларды, техникалық жобалар мен ерекшелiктердi, басшылықтар мен нұсқаулықтарды қамтитын, бiрақ та жұртшылық үшiн қолжетiмдi ақпаратты болдырмайтын техникалық деректер түрiнде ұсынылуы мүмкiн.
       Осы Келiсiмде көзделетiн ынтымақтастық атом энергиясын бейбiт мақсаттарда пайдалануды, дамытуды және қолдануды қамтиды және басқалармен қатар мыналарды қамтуы мүмкiн:
      1) төмендегілер жөнiндегi, технологияны қоса алғанда, ақпаратпен алмасу:
Полная версия
ИС BestProfi