Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2017
«Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қазандағы № 1143 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 898 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылдың 8 тамызынан бастап ҚР Үкіметінің 04.08.2017 жылғы № 470 Қаулысына сәйкес
1. «Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қазандағы № 1143 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 62, 850-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормасында:
«1. Қатты және сұйық отынмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін:
1) жеткізу қашықтығы 200 километрге дейін болғанда 10 тәулікке арналған негізгі және резервті отын мөлшері;
2) жеткізу қашықтығы 200 километрден астам болғанда 20 тәулікке арналған негізгі және резервті отын мөлшері.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия